Қазақстанда ауа райы күрт құбылмалы болады
Қазақстанда ауа райы күрт құбылмалы болады
Фото: Интернеттен алынды
Кей жерлерде тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Сондай-ақ республиканың бірқатар бөлігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз елдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарында жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғып, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Күндіз, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.