Пневмонияға шалдыққан әйелдер дені сау сәби босанды
Пневмонияға шалдыққан әйелдер дені сау сәби босанды
Фото: Интернеттен алынды
111
оқылды
Олар дәрігерлердің бақылауында, тиісті емді қабылдап жатыр. Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығында орта есеппен күніне 25 және жылына 10 мыңға жуық ана босанады. Пандемияға байланысты жүкті әйелдер де дәрігер қарауына жиі түсуде. Солардың бірі 28 жастағы Ақбота Бименовадан диагностикалық тексеріс нәтижесінде екі жақты полисегментарлы пневмония анықталған. Тыныс алу жолдарының нашарлауына байланысты жүкті әйелге кесарь тілігімен жедел түрде операция жасалып, 31 апта болған нәресте аман-есен дүниеге келді. Мерзімінен бұрын босандырғанына қарамастан, дәрігерлер екеуінің де жағдайы жақсы деп отыр. Анасының тыныс алуы мен өкпе қабынуы операциядан кейін кейін жақсара бастаған. Ол провизорлық бөлімде протоколға сай ем қабылдауда. Ал 32 жастағы Мансая Муйдинова екі жақты төменгі бөлікті пневманиямен жансақтау бөліміне түскен. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүкті әйелдің жағдайын қатаң бақылау алып, мерзімінен бұрын, 32 аптадан асқанда босандырып алған. Тыныс алу жолдарының қабынуы ананың жағдайын қатты қиындатқанымен, баласын аман-есен босанды. Босанған әйелді емдеу үшін провизорлық стационарға жатқызылған.