Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды
Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер қатысқан іздеу шараларының нәтижесінде, 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. «Бала қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Бірақ бір топ адам күдіктіні өздеріне беруді талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда» делінген ресми хабарламада.