Құқықтық сауат ауадай қажет
Құқықтық сауат ауадай қажет

Алматыда халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешумен айналысатын «мобильді «Халыққа көмек» акциясы жалғасын тапты. Шара осымен төртінші рет, Nur Otan партиясының қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Акцияның басты тұжырымдамасы бойынша қаланың шет аумақтарында тұратын, орталықтағы мемлекеттік өкі­летті органдарға күн сайын келуге мүмкіндігі бола бермейтін тұрғын­дар­дың мәселесіне назар аудару баса көз­делген. Сондай-ақ халықты құқық­тық сауат­тандыру және ақпа­рат­тандыру да осы шараның мақса­тына кіреді.

Бұл жолғы басқосу Медеу ауда­нын­дағы Көк базар маңында ұйым­дас­тырылды. 11:00-де басталған ша­ра­ға келушілер ағыны толастаған жоқ. Олар әртүрлі мәселелер бойынша тиісті орган өкілдерімен сөйлесті, кеңес алды. Мәселені шешу жолдарын бірлесіп қарастырды.

– Жоба аясында халық көп шоғыр­лан­ған базар, сауда орындары, ық­ша­маудандардағы тұрғындардың түйт­кіл­­деріне мән беріледі. Олардың арыз-шағымдары мемлекеттік және құқық­қорғау органдарына жеткізіледі. Осыған дейін Түрксіб, Алатау, Нау­рыз­бай аудандарында ұйымдастырыл­ған. Бүгінгі кезек Медеу ауданына кел­­ді. Сонымен қатар әр аудан апта­ның әр бейсенбісінде дәл осы шараны өткізіп тұрады, – дейді партияның қа­ла­лық филиалының қоғамдық қа­был­­дау бөлімінің меңгерушісі Эль­мира Омарова.

Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, осыған дейін мыңға жуық адам­ның түрлі деңгейдегі арыз-шағым, өті­ніштері қаперге алынып, тиісті ор­гандарға жөнелтілген. Шешілуі қиын түйіндер қатарында сот ше­шімі­мен келіспеу мәселесі бар екен. Ол проб­ле­малар да партияның Орталық аппа­ра­ты арқылы тиісті мемлекеттік орган­дар­ға бағытталады және шешілуі ба­қы­лауға алынады. Сондай-ақ несие проб­лемасына тап болған, балаларын мек­тепке дайындау кезінде қиындық­қа ұ­шыраған, тұрғын үй мәселесіне бас ауыртқан тұрғындар да «Мобильді «Ха­лыққа көмек» акциясына жиі жү­гінеді екен.

– Ал тез шешімін табатын мәсе­ле­лер ретінде құжаттарын жасай алмай жүр­ген, азаматтық ала алмай жүрген­дердің жай-күйін айтсақ болады. Бізге келген соң жедел шешілген себебі – көп адам­дар заң талаптарын біле бер­мейді. Со­ның кесірінен көп уақытын өткізіп ала­ды. Біз соған байланысты тиіс­ті нұс­қаулар беріп, жағдайдың оң ше­шілуіне ықпал еттік, – дейді Эль­мира Омарова.


Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ