Жасөспірімдер суицидке неге жақын?
Жасөспірімдер суицидке неге жақын?
Былтыр елімізде кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің 180 фактісі тіркелген. Оның ішінде 121-і ер бала да, 59-ы қыз. Бұлар өзіне-өзі қол салып, көз жұмған жасөспірімдер. Тағы осындай 350-ге жуық қаршадай бала хат қалдырып, өмірмен қоштаспақшы болған жерінен құтқарылған екен. Бұл тек тіркелгендері, ресми органдарға жетпегені бірнеше есе көп екені анық. Алайда он екі де бір гүлі ашылмаған жас өрендер о дүниеге неге асығады? Осының анық-қанығын білу үшін отбасылық психолог Виктория Абросимовамен аз-кем әңгімелесіп, суицидтан құтылудың жолын іздестіруге тырыстық.

Бәрі түсіністіктен басталады

психолог– Өзіне-өзі қол жұмсап, суицид жасамақшы болған баламен қалай жұмыс істейсіз? Олар ойын ашық айтуға дайын  ба? Кабинетімнің өзі кең, бейне бір конференц-зал іспетті. Өзге психологтардікі секілді қатып қалған үстел мен орындық емес. Жасы үлкен-кішісі де кабинетіме кіргенде қолайлы жеріне отыра береді. Меніңше, келуші өзін дәрігерге келгендей сезінбеуі керек. Кейде қатарласы ретінде  баламен бала болып, көрпешені жерге төсеп жіберіп, отыра кетемін. Жерге отырып алып, баламен ойын ойнап, сурет салған жанның рақаты ғой. Сіз айтқандай, кездесуге алғаш келіп тұрған бала қысылып, көп нәрсені айтпайтыны белгілі. Сондықтан көбіне баламен бірге отырып, сурет саламыз. Ертегі әлеміне еніп, жоқ кейіпкерлерді қиялдаймыз. Сол кезде олардың ойын біліп, неге алаңдайтынын бағып-бағдарлаймын. психолог Мысалы, мына суретті 14 жасар қыз салды. Тікені жоқ раушан гүл салынған. Бірақ сол гүл тікенді сыммен оралып тұр. Бұл жалғыздық пен қорқыныштың белгісі. Өзін нәзік жанды қыз бала ретінде гүлге теңеп тұр.  Ал тікенді сыммен қатыгездікке толы сыртқы әлемнен қорғанып тұрғаны. Немесе «менің отбасым» деген атаумен салынған 9 жасар ұлдың суретін қарайық. Ол ата-анасын ақ параққа жапондардың анимесіне ұқсатып салған. Олардың жанына не өзін, не бауырын, не қарындасын салмаған. Балалардың бірін бейнелемеген. Анасының дене бітімін әкесінен ірілеу етіп көрсеткен.  Оған қоса, шешесінің ұзын шашы, бетінің жартысына дейін жауып тастаған. Бұл дегеніміз – бала өзін ғана емес, бауырларын да осы отбасына жатқызбайды. Себебі әке-шешесі олардың өмірінде болып жатқан нәрсеге көз жұма қарап отыр. психолог – Мүмкін ол баланың ойындағы қиялы шығар. Тым төндіріп жіберген жоқсыз ба? – Кез келген суретте автор өзін-өзі, біреуге деген қарым-қатынасын, оны қабылдауын көрсетеді. Осы екі суреттен-ақ салыну тәсілі мен бояуының түсінен бәрін көруге болады. Суреттің қара түспен боялғаны әке-шешенің көңілі, махаббаты мен қамқорлығының жетіспеушілігін көреміз. Олар ата-анасының әрекетіне көңілі толмай, таяқ астына алатын адамдардай көріп тұр. Өзін қабылдамау, тіпті өзіне не керегін түсінбеу – өмірдегі қорқынышты дүние. Ондай бала келешекте тез еліктегіш, көнбіс және өзімен-өзі сырт қалып жүреді. Оның соңы психологтың көмегіне жүгінуге әкеледі. [caption id="attachment_60153" align="alignnone" width="1024"]суицид ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Жасөспірім үшін суицид жеңіл шешім

– Сізге келіп жүрген балалардың ішінде қайысысы суицидке жақын тұр? – Менің негізі жұмыс істейтін ортам – 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олардың депрессияға түсуі, көңіл-күйінің бұзылуы, үрейге берілуі секілді түрлі жағдайын бастан өткерудемін. Сіз айтып отырған  топты да тәжірибемде кездестірдім. Осы бойынша, қазір 14 жастағы қыз бен 16 жастағы ұл бала психотерапия курсын өтуде. Міне, осы екі жасөспірім былтыр өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. – Олардың мұндай қадамға баруына не түрткі болды? – Екеуінің жағдайы өте ұқсас, екеуі де жалғыздықты сезінеді. Қызды кішкентайында анасы тастап кеткен. Ал әкесі осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Әжесімен бірге тұрады. Ұлдың жағдайында ол әкесімен бірге тұрғанымен, өгей шешесі анасының орнын толтыра алмады. Екеуі де жақындарының махаббаты мен ыстық көңіліне қатты зәру. Оны ешкімнен таба алмаған соң іштен жабылып қалған. Біреумен тіл табысып, бейтаныс ортада сезінуден қашады. Олардың айтуынша, одан көрі күретамырды кесіп жіберіп, өмірмен қоштаса салған жеңіл. Әйтпесе, оларды ешкім ұрып-соғып, қорқытып, үркіткен емес. Жеткіншек кезде оларға ең үлкен соққы – қатарластарымен тіл табыса алмауы, олардың алдында ұятқа қалудан қорқуы. психолог
Менің ойымша, жасөспірімдер арасындағы суицидтің басты себептері – олардың жатсынуы мен жалғыздығы, әке-шешесімен байланыстың жоқтығы, өзінің болмысын қабылдамау, өзін-өзі түсінуден қалу, жақындарынан көмек сұрап, өзінің қауқарсыздығын сезіну. Ал ата-анасының ұрысқанынан, махабатымен табыспауынан өзіне-өзі қол жұмсау – екінші жақты фактор. Бірақ суицидтің негізгі себебі емес.
– Жасөспірімдер суицидтің әдетте қандай түріне жүгінеді? – Оларға жоғарыдан секіріп өлгеннен көрі жуынатын бөлмеде суда жатып, күретамырды кесіп жіберген жеңіл. Бұл жағдайда құтқарылса, аман қалудың да мүмкіндігі жоғары. Екінші түрі – жасөспірім қыздар кинодан көргенін істейді.  Түрлі дәрі-дәрмекті ішіп, уланғанды жөн көреді. Адамнның қиналып өлу-өлмеуі жағдайға байланысты. Егер бала жоспарлы түрде суицид жасаса, ол өзінің жанын қинамауға тырысады. Аяқасты сезім жетегінде кетіп, өз-өзіне қол салса, жанының қиналғанына қарамайды. Ондайда көбіне жасөспірімдер асылып қалады не болмаса терезеден секіріп кетеді. [caption id="attachment_60044" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Тәжірибеңізде өзіңізді таңдандырып, жаға ұстатқан жағдайлар болды ма? – 8 жасар қыздың тағдыры. Қатты  күйзеліске түскен ол өзін-өзі жоғалтып алу алдында тұрды. Меніңше, ол ойға қонымды нәрсе емес. Қаршадай ғана қыз әке-шешесінің көңіл бөлуін аз көріп, оларға масыл болмайын деп суицид жасамақшы болған. Одан «өзіңді қай кезден бастап осы отбасына керексізбін деп санап жүрсің» деген сұрағыма «ес білгелі» деп жауап берді. Сонда 4-5 жасынан бастап осындай ойлар басына келе бастаған ғой. Ауқатты отбасында өскен кішкентай баланың не арманы бар дейсіз? «Жемегені алдында, ішкені артында» қалды емес пе?! Бірақ ата-аналар балаға деген қатты талапшылдығы оның іштей өзіне өзі сын көзбен қарап, бойына сенімсіздікті ұялатты. Осындай сезіммен өскен бала 8 жасында өзін отбасына қажетсіз, пайдасыз көрді. – Осының алдын алып, баланың өмірін сақтап қалу үшін не істеу керек? – "Таяқтың екі ұшы бар" дегендей, мәселені жан-жақты қарау керек. Қазір көп ата-ана баланы бақылаусыз қалдырады. Күнделікті күйбең тірлік, отбасын асырау, несие төлеу керек деп жүріп, баладан алыстап кеткен. Кешкілік үйге келгенде де, оған көңіл бөліп, әңгімелесіп жарытпайды. Шаршаған сылтау етіп, өз ісімен айналысып кетеді. Әйтеуір керек заттарын алып беріп отырмын деумен шектелуде. Енді бір әке-шеше баласына тым талапшыл болып келеді. Оның қалауын, ойын тыңдамай, өз жоспарын орындату дұрыс емес. Бастысы кез келген балаға атананың жылылығы, махаббаты, сенімдігі керек. Осының орнын ештеңемен алмастыра алмаймыз.