Қоныстой көбейіп келеді

Қоныстой көбейіп келеді

Елбасыны тапсырмасымен 2017-2031 жылдар аралығын қамтитын «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітіліп, 15 жылда 1,5 млн қазақстандық отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болады деп жоспарланған болатын. Нәтижелі жұмыстардың арқасында бүгінгі күні сүйіншілетіп, қоныстойын тойлап жатқан қазақстандықтардың саны да артып келеді. Бұл қуаныштың еселенуіне бағдарлама аясында пайдалануға берілген үй санының күннен-күнге артуы септігін тигізуде

Премьер-министр Асқар Ма­мин: «2019 жы­лы шамамен 13 млн шар­шы метр тұрғын үй салу жос­парланған. Бұл өткен жылғы көр­­сет­кіштен 500 мың шаршы метрге ар­тық. Сонымен қатар тұр­ғын үй бағ­дарламасының негізгі мін­дет­терінің бірі әлеуметтік ­ба­ғытқа не­гізделген. Жыл сайын 6 мың аз қам­тылған отбасы мен 3 мың жұ­мыс істейтін жастарды баспанамен қам­тамасыз ету мін­деттемесін ал­дық. Мамырдан бас­тап оны іске асыруға кірістік. Бар­лық заңна­ма­лық нормалар қабылданып, қа­жет­ті қаражат бөлінді», – деді жақында өткен Үкімет отырысында. Сол жиын­да ол 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік ба­ғ­дарламасы қабылданатынын мә­лім етті. «Мемлекет басшысы бар­лық тұрғын үй бағдарламасын бір­тұ­тас тұрғын үй саясатына бі­рік­ті­руді тапсырды. Сондықтан биыл 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сы қабылданады, оның ая­сын­да 650 мыңға жуық отбасы не­месе 2 миллионнан астам адам жаңа тұрғын үймен қамтамасыз еті­леді», – деді Асқар Мамин. Ин­дустрия және инфра-құрылымдық даму министрі Роман Скляр осы жы­лы 6 ай ішінде тұрғын үй құры­лы­сына 605,7 млрд теңге инвес­ти­ция тар­тылғанын айтты. Бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5 пайызға жо­ғары. 1 теңге мемлекеттік қа­ра­жат­қа 7,4 теңге жеке инвестиция тар­тылды. Биылдың соңына дейін 118 мың баспана (13 млн шаршы метр) салу жоспарланған. Жар­ты­жылдық қорытындысы бойынша 48 925 баспана (5,7 млн шаршы метр) пайдалануға берілді.

Бұл бағдарламаның нәтижесін елі­міздің әр өңірінде атқарылып жат­қан жұмыстарына қарай білуге бо­лады. Мысалы, Қостанайда «7–20–25» тұрғын үй бағдарла­ма­сына өтінім берушілер саны едәуір өскен. Бұл да осы өңірдегі «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдар­ла­масы белсенді іске асырылуына бай­ланысты. Жұмыс қарқынды жүр­ген жерде сенім де бар. Халық­тың осы жобаға деген оң көзқарасы сұраныстың көбеюіне септігін ти­гізуде. Осының арқасында Қос­танай облысы мақұлданған кре­диттер саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін алғашқы үштікке кірді.

Ал бағдарлама бойынша Тараз қа­ласындағы жаңа 15-шағынау­дан­да биыл 80 және 60 пәтерлі 25 көп­қабатты тұрғын үйдің құры­лы­сы жүргізіліп жатыр. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 10 300 отбасына арналған 280 көпқабатты тұрғын үй бой кө­термек. Қазіргі күні 25 үй са­лыну­да. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жо­лының және жылу желілерінің құры­лысы іске асырылуда. Бүгінгі таң­да 80 пәтерлі 10 тұрғын үй пай­далануға берілген.

Қоныстойды әскери қыз­мет­те­гілер де тойлап жатыр. Петропавл қа­ласындағы гарнизонда 20 әскери қызметші мемлекеттік бағдарлама ая­сында баспанаға қол жеткізді. Былтыр Қорғаныс істері министр­лі­гінің қолдауымен әскери қызмет­шілердің баспана мәселесін шешу мақсатында «Әскери баспана» бағ­­дарламасы іске қосылған бо­ла­тын. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қорғаныс істері депар­та­­менті бас­пасөз қыз­метінің ха­бар­лауынша, 2012 жылдан бастап жалдамалы пәтерде жүрген әске­ри­лерге өтемақы тө­леніп келсе, ен­ді ол тұрғын үй тө­лемдеріне ауыс­тырылған. Енді қаражат бұ­рынғыдай қызмет­шілердің қолына берілмей, екінші деңгейлі банк­терде ашылған арнайы жеке шот­тарға аударылады. Осы ауда­рым­дарды әр әскери қызметші «Әскери баспана», «7–20–25» және «Нұрлы жер» бағдар­ламалары арқылы бас­пана алуға жұмсай алады. «Бұдан басқа «7–20–25» және «Нұрлы жер» бағдар­ламаларына қатысуға мүм­кіндік бар. Несиенің мөлшер­лемесі жы­лына 7%-дан аспайды және төлеу мерзімі де тиімді. Мұ­ның бәрі әс­кери қызметшілердің әл-ауқатын жақсартуға бағыттал­ған», – дейді Солтүстік Қазақстан об­лысы Қор­ғаныс істері депар­та­менті бас­ты­ғы­ның орынбасары Дәулет Толыбай.

Бағдарламаға сәйкес, ба­с­па­на­сы жоқ әскери қызметшілердің бар­лық санаттағы мамандары үшін бі­рыңғай тұрғын үй төлемі жаса­лады. Сонымен қатар әскери сала­да 20 және одан көп жыл еңбек ет­кен әскерилерге қызметтік үйді өтеу­сіз жекешелендіру құқығы қай­тарылған. Ал қызметтік тұрғын үй­лермен қамтамасыз етілген әс­кери қызметкерлерге екінші дең­гейлі банктердегі жеке арнайы шот­тарына тұрғын үй төлемдерінің 50%-ы аударылады. Тұрғын үйлер­м­ен қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банк­тердегі жеке арнайы шоттары­на тұрғын үй төлемдерінің 100%-ы салынады.

«Мемлекет басшысы бар­лық тұрғын үй бағдар­ла­ма­ларын бір­тұтас тұрғын үй саясатына бі­рік­тіруді тапсырды. Сондықтан биыл 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы қабылданады, оның ая­сын­да 650 мыңға жуық отбасы не­месе 2 миллионнан астам адам жаңа тұрғын үймен қамтамасыз еті­леді», – деді Асқар Мамин.

Жақында Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған «Көк­ше­тау – бақытты отбасы мекені» та­қы­­рыбымен өткен шараға қатыс­қан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты жаңа тұрғын үйден көп­балалы және әлеуметтік жағы­нан әлсіз топтарға жаңа 195 пәтер­дің кілтін салтанатты түрде тап­сыр­ды. Бүгінгі күні Көкшетау қа­ла­­сын­да 2 мыңнан астам көпба­ла­лы отбасы болса, оның 400-ге жуы­ғы пәтер кезегінде тұр. Сон­дық­тан биыл барлығы 470 пәтер кіл­тін тапсыру жоспарланған. Оның біразы Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі арқылы шешімін тап­пақшы.

Елорда әкімдігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­тысуы­мен өткен Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында жүктелген мін­деттерді орындау бойынша өт­кен жиында Нұр-Сұлтан қаласы­ның әкімі Алтай Көлгінов елор­да­лықтарды баспанамен қалай қам­титынын айтты. «Зерттеу қоры­тын­дысы көрсеткендей, ең негізгі әлеу­меттік мәселе – тұрғын үй. Бас­пана кезегінде 46 829 адам тұр. Олар­дың ішінде көпбалалы отба­сы­лардың саны – 3 501», – деді қа­ла басшысы. «Нұрлы жер» мем­ле­кеттік бағдарламасы бойынша 24 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылған. Бұл жұмыстар әлі де жал­ғаспақ. «Биыл коммуналдық тұр­ғын үй қорынан 1 634 пәтер бө­­леміз. Оның 731-і арендалық не­­гіз­де беріледі. Оның 233-іне көп­­балалы отбасы иелік ететін бо­лады. Биыл барлығы 1 500 тұрғын үй сер­­тификатын беру жоспар­ла­нуда. Оның 1 мыңы көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар отба­сы­ларға беріледі, 500 серти­фи­кат бі­лім, денсаулық сақтау және по­­ли­ция департаментінің қызмет­кер­­лері­не үлестіріледі», – деді Ал­­тай Көл­гінов. Баспанамен қамту ша­­ра­лары «Бақытты отбасы» ­бағ­­­дар­­ла­масы аясында да жалға­сын тап­пақ.

Нұр-Сұлтанның 1 000-нан ас­там көпбалалы және аз қамтылған отбасы «Бақытты отбасы» қолже­тім­ді тұрғын үй бағдарламасына қа­тысуға өтініш берген. Елордалық тұрғын үй қоры Қолжетімді тұр­ғын үй бағдарламасын барлығы 3 бағыт «Бақытты Отбасы», «Нұрлы Ертіс» және «Еңбек» бойынша жү­зеге асыруда.

Қарағанды өңірінде де халықты қолжетімді баспанамен қамту мақ­сатында іске асырылатын «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құры­лысы бағдарламасы аясында бір­қатар шаралар атқарылуда.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың бар­лық көзі арқылы 416,8 мың шар­шы метр тұрғын үй, яғни 4 135 пә­тер пайдаланылуға берілді. Жос­пар артығымен орындалды. Өткен жылы 11 жалдамалы үй салу бойын­ша 11 жобаны іске асыруға рес­публикалық бюджеттен 1 млрд 475 млн теңге бөлінді. «Нұрлы жер» бағларламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша кезекте тұрған 684 жанұя жалдамалы пә­термен, 549 отбасы несиелік бас­панамен қамтылды. Сонымен қа­тар 343 мың шаршы метр аумақ же­­кеменшік үйлер мен коммер­ция­лық нысандар салуға бөлін­ді», – дейді Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құры­лы­сы басқармасының басшысы Тайxан Қалмаxанов.

Бағдарламаны іске асыру биыл да жалғасын табуда. Облыста бар­лық қаржыландыру көзі ар­қы­лы 420 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл деге­ніңіз 4 300-ден астам отбасы бас­па­налы болады деген сөз. Бірінші ке­зекте үй дәрігер, педагог, поли­ция және басқа да мемлекеттік қыз­­мет­керлерге, сондай-ақ аз қам­­­тылған, көпбалалы отбасы­лар­ға берілетін болады.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ