Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазығұртта кеселдің кемігені рас па?

Елімізде эпидемиялық ахуалдың беті қайтқаны байқалады. Рас, осыдан 2-3 апта бұрын тұрғындар үлкен қиындықтармен бетпе-бет келіп, дәрі-дәрмек табылмай, күні-түні оттегі концентраторы кезегінде тұрғандарды да көрдік. Ал қосымша аурулары бар біраз адам өмірден өтіп те кетті. Дем жетпей қиналған, қа­жетті препарат­тарды таппай жанұшырған талай жанның жанайқайын да естідік. Иә, ресми өкілдер енді жағдай тұрақталып қалды деп жатыр. Дегенмен ауыл тұрғын­дары ел ара­сында әлі де жағдайдың мәз емес екенін айтады.

«Айқын» ақпарат
Шілде 24, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
kasikyrt
66
қаралым

 

Жедел жәрдем екі мәрте алып кетпеген

Түркістан облысының Қазы­ғұрт ауданынан хабарласқан оқыр­манымыз «дәріханаларда қа­жетті дәрінің жоқтығын, же­дел жәрдем көлігінің ауруханаға алып кетпегенін» айтып, реніш білдірді. Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген Қазығұрт ауданы Қарабау ауылының тұрғыны қант диа­бетімен ауыратын енесінің өк­песі қабынып қатты ауырғанын, алайда келген жедел жәрдемнің науқасты тек көріп кеткенін ай­тады. Олар ауруханада орын жоқ деп науқасты алып кетпегені былай тұрсын, ешқандай ем-дом да жасамаған. «Жедел жәрдеммен келген медицина қызметкер­лерінен пайда болмаған соң өзіміз үйде 16 күндей цефазолин, цеф-3 уколын салдырттық. Бірақ енемнің беті бері қарамай, өк­песінен демала алмай жатты. Со­сын тағы да жедел жәрдемді ша­қырттық. Бұл жолы да әкет­педі. «Орын жоқ, тек су іше бе­ріңіздер» деп тастап кетті. Амал жоқ, араға таныс салып, такси жалдап енемізді ауруханаға апа­рып жатқыздық. Өкпесін рент­генге түсіргенде пневмония де­ген қорытынды шығарды. Ауру­ха­наға жатқыздық деген аты болғанымен, дәрі-дәрмегін өзі­міз іздедік. Ауданнан таппай, қайын сіңлім Шымкент қала­сы­нан тауып, жіберіп тұрды. Жал­пы, аудандық ауруханада нау­қас­тарға жағдай жасалмаған», – дейді ол. 70 жасты алқымдаған қарияның 12 күн ауруханада ем қабылдап үйіне шыққанымен әлі де жөтелі бар екенін айтады. «Өзіміз апамыздың артынан ауруханаға барып жүргенде ақ матаға оралып шығып жатқан мәйіттерді кезіктірдік. Енем де қасында бірге жатқан үлкен кісілердің біразының көз жұм­ғанын айтып келді. Аппараттың тапшылығы, оттегінің жетіспеуі салдарынан болса керек», – дейді тағы бір қазығұрттық оқыр­манымыз. Сонымен бірге Қақпақ ауылында тұратын ата­сының қарындасы да осындай дертпен ауруханаға түсіп, о дү­ниелік болыпты. Келіні ауруха­наға бекер апардым деп өкініп отыр екен. Жалпы, айтса айтқан­дай-ақ қазір ел ішінде «ауруха­наға барудың керегі жоқ, барсаң өлігің шығады» деген үрей бар екені рас. Демек, дәрігерлердің көз алдында жатқанымен, жа­санды жолмен ауа беру аппараты­ның жетіспеуі, дәрі-дәрмектің жоқтығы талай жанды титықта­тып жіберсе керек. Одан қал­са, айналасындағы қиналып жатқан жандарды көрген кез келген адамның бойын үрей билеп ала­ры сөзсіз, кейін ол ойдан айығып кету де оңай емес. «Ауыл тұрғын­дарының ауру­ханаға сенімі жо­ғалған. Біразы жекеменшік ме­ди­циналық ор­талықтарға барып, ем алып жүр. Жұрттар қалтаңда ақшаң, не болмаса танысың бол­маса, жағ­дайың қиын екен де­генді айта­ды», – дейді ол. Иә, аты-жөні аталмаған соң сізге бұл ел ішін­дегі жел сөз сияқты болып кө­рінер. Дегенмен дәл мұндай әңгіменің сіз бен біз талайын естігеніміз жасырын емес. Тіпті, талайымыз медицина саласын­дағы олқылықтардың салдары­нан туысымыздан, жа­қыны­мыз­дан көз жазып қалдық емес пе?!.

Самара-Шымкент тасжолында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Атыраулық фельдшер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды

Қазығұрт ауданында алдағы 5 жылда 130 жоба жүзеге асады

 

Билігі мен тұрғыны
екі планетада өмір сүре ме?

Дегенмен ресми өкілдер ахуалдың тұрақтылығын, ем­делушілер үшін барлық жағдай­дың жасалғанын айтудан танбай келеді. Мәселен, Қазығұрт ауда­ны әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жалпы корона­вирусты жұқтыру дерегімен 24 адамның тіркеліп, оның қазіргі таңда 16-ы жазылып шыққанын, қайтыс болғандардың жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ресми дерекке сүйенсек, дәл қазіргі таңда провизорлық гос­питальда пневмония диагно­зы­мен 119 адам жатса, оның 7-еуі жансақтау бөлімінде екен. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, пнев­мо­ниядан ажал құшқандар жоқ.

Сонда дейміз-ау, әкімдікте­гілер басқа планетада, тұрғындар басқа мемлекетте өмір сүре ме? Сіз Қазығұрт ауданы бойынша пандемия кезінде бірде-бір адам пневмониядан көз жұмған жоқ дегенге сенесіз бе? Ал біз шағым айтқан тұрғындарды жалған сөйледі деген күннің өзінде бұ­ған сене алмай отырмыз. Себебі еліміздегі барлық қалада, ауданда осынау дертпен арпалысып, мәңгілік мекеніне аттанғандарды күн сайын естіп отырмыз. Мә­селен, айналдырған 1 айдың көлемінде 2 көршіміз, 2 ұжым­дасымыз, бірнеше әріптесіміз бен ағайынымыздан айырылдық. Демек, Қазығұрт аудандық ауру­ханасында атасының қарындасы қайтыс болды деп атап өткен оқырманымыздың сөзі жалған болғаны ма? Әлде, дәрігерлер оның диагнозын өзгертіп жіберді ме екен?

Аудан әкімінің орынбасары 20 күн бұрын дәрі-дәрмек тапшы болғанын растайды. Қазір бар­лығы да жеткілікті екенін ай­тады. Аудандық орталық ауру­хана провизиясында дәрі-дәр­мектің 2 айға жететін қоры болғанымен, кейбір дәрі-дәр­мектің тапшылығы бар екенін жоққа шығармайды. Олар негі­зінен осынау дертке ем болатын қажетті дәрі-дәрмек. Сонымен қатар арнайы құрылған мо­бильдік топ дәріханалардың бірінде мифепристон дәрісінің 1 таблеткасын 5 000 теңгеге және мизопростол дәрісінің 4 таблет­касын 7 000 теңгеге белгіленген шекті бағадан бірнеше есе жо­ғары бағаға сату дерегін анық­тапты. Бұл ел ішінде бей­бе­рекетсіздік бар деген сөз.

 

Шымкент пен Түркістан би­лігі
қашан келіссөзбен жұмыс істейді?

Қазығұрттық тағы бір оқыр­манымыз дәрі-дәрмек тапшылы­ғынан зардап шеккенін айтады. Тапқан дәрілерін бірнеше есе жоғары бағамен сатып алған. Ал бұрынғы облыс орталығы болған Шымкент қаласының дәріха­налары дәрігердің рецептісінсіз бермей, әбден әуреге салыпты.

Дәл осындай проблема көп адамның басында кездесті. Түркістан облысына қарасты барлық ауданның тұрғындары үшінші мегаполис саналатын үлкен шаһар Шымкент қала­сынан дәрі іздегені рас. Себебі облыс орталығы болып танылған Түркістан қаласы енді ғана аяқ­тан тұрып, кеңейіп келеді. Ал дәріханаларының саны сол бая­ғыша. Түркістан қаласы облысты дәрімен қамтымақ түгілі, жер­гілікті тұрғындарына жеткізе алмай отыр. Ендеше өңір тұр­ғын­дары үйренген Шымкент қаласына жол тартады. Ал дәл осы кезде дәрі таппай қиналған жұрт тарапынан Шымкенттегі дәріханаларға деген наразылық көптеп айтылды. Түркістан об­лысы мен Шымкент қаласының тіршілігі әлі де біте қайнасып жатқанын ескерсек, осынау қиын-қыстау тұста екі жақтың басшылығы қандай да бір ме­морандум жасап, келісімге келуге, бірігіп жұмыс істеуге не кедергі? Осындай екі өңір билігінің келіссөздер жасама­уының зардабын тұрғындары тартып отыр. Мәселен, көктемде қойылған блок-бекеттің салда­рынан екі жақта қатынап жұмыс істейтіндер көп қиналды. Бұл кезде ешқандай келіссөздер жасалған жоқ.

«Ауруын жасырған өледі» деген қазақтың тәмсілі өте орын­ды айтылған. «Бізде бәрі тамаша» деп отыра бергеннен ұтылмасақ, ұтпаймыз. Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірде соңғы бір тәулікте коронавирус инфек­циясының өсімі төмендеп, 0,8 пайызды құрапты. Жалпы, өңір­де қазіргі сәтке COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2 497 жағдай тіркелген. Облыс бойын­ша 371 дәрігер қауіпті дертпен күресте аянбай еңбек етіп келеді.

Баспасөз қызметінің бәрінен бұрын жұқпалы аурулар бөлім­деріндегі 440 орынның 60 па­йызға жуығы бос тұр деген мә­ліметі көңілге қуаныш ұялатты. Дегенмен жоғарыдағыдай Қа­зығұрт ауданының 13 ауыл ок­ругінде қауіпті дерттен бірде-бір адам көз жұмбады деген біртүрлі мәліметінен соң еш нәрсеге де таңғалмай отырмыз…

 

Назгүл НАЗАРБЕК

 

 

 
Тегтер: жедел жәрдемкеселҚазығұртэпидемиялық ахуал
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты жиын өткізді

Келесі жаңалық

Партия шешіп берді

Ұқсас жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 2021
иіс
Жаңалықтар

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 2021
Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты
Жаңалықтар

Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Қаңтар 17, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып қалды

Қаңтар 17, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 15:22

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 14:46

Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Қаңтар 17, 14:13

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып қалды

Қаңтар 17, 13:19

Димаш алғаш рет онлайн концерт беріп, 6 тілде ән шырқады  

Қаңтар 17, 12:43

Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Қаңтар 17, 11:56

COVID-19: 294 адамның жағдайы ауыр

Қаңтар 17, 11:19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 2021
иіс

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»