Аймақта коронавирус жаппай таралмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға күшінде болады. Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан. Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істейді. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді. Айта кетейік, Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыстағы рекреациялық және курорттық аймақтарда карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шыққан еді. Басқарма қызметкерлері ер-азаматтарды уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін ережелерді қатаң сақтауға шақырады.