Иә, Алматы облысында азық-түлік өндірісінің көлемі айтарлықтай артып отыр. Былтырғымен салыстырғанда, өсім 35,6 пайызды көрсетті. Бұл биыл қаңтар мен мамыр айында Жетісуда 110,3 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін көрсетеді. Үздік үштікті бастаған Алматы облысынан кейінгі екінші орынға – Алматы қаласы (95 млрд теңге), ал үшінші орынға Қостанай облысы (94,2 млрд теңге) жайғасты. Азық-түлік өндірісінің жартысынан астамы азық-түліктің негізгі үш түрінен. Соның ішінде ұн-жарма, крахмал мен крахмал өнімдері жалпы өнімнің бестен бірін, яғни 20 пайызын құраса (148,3 млрд теңге), ет өнімдері өндірісі, етті консервілеу мен қайта өңдеу 17,4 пайыздан сәл төмен (129 млрд теңге) болып отыр. Ал ең көп өндірілген өнімдер үштігін өндірістің 17,1 пайызын құраған сүт өнімдері өндірісі қорытындылайды (126,8 млрд теңге).
Болат АБАҒАН, Алматы облысы