Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері ауа райы жауын-шашынды болады
© сурет интернеттен алынды
165
оқылды
25-27 шілдеге еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Солтүстік-Батыс циклоны жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр тудыртып, еліміздің солтүстік бөлігінде ауаның температурасын төмендетіп, Қазақстанның территориясына өз әсерін тигізуін жалғастыруда.
Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, бұршақ түсуі ықтимал.
Тек батыста антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.