Хабарландыру

Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-баптың негізінде университеттің жұмысын онлайн ұйымдастыру қажеттілігі туындауымен байланысты, сервер сатып алу.       Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі тиіс. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз: 1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы; 2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары; 3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама; 4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуге тиіс. 5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек. 6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН: 990440008043, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ436010291000010707, Кбе: 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат. 7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 айдан кем емес болуы міндетті. Сатып алынатын университеттің жұмысын онлайн ұйымдастыру қажеттілігі туындауымен байланысты, сервердің техникалық ерекшелігі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы  Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 203-кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 13.08.2020,  сағ. 15.00 Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (23.07.2020 – 12.08.2020), Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 203-кабинетте қабылданады.  

__________________________________________________________________________

  Сатуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Жылжымайтын мүліктің мекенжайы: Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі №128 мекенжайда орналасқан үй.          Сатудың әдісі: Жылжымайтын мүлік аукцион тәсілімен көтермелеу негізінде сатылады. Аукционға өтінім берген қатысушылар, белгіленген уақытта комиссия отырысына қатысып, өтінімде ұсынған бағаларынан жоғары баға беріп, жеңімпаз атануға құқылы. Сатып алуға қатысу шарттары: Аукционға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз: 1. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 3пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН: 990440008043, БСК:HSBKKZKX, ЖСК: KZ436010291000010707, Кбе: 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік беруге құқылы. Жоғарыда көрсетілген жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы  Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, 203-кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 3.08.2020, сағ 15.00 Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып немесе қол қойылып хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде (23.07.2020 – 30.07.2020) жұмыс уақытысында  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты,  203-кабинетте қабылданады.