Qurban2020.kz сайты іске қосылды
Qurban2020.kz сайты іске қосылды
© сурет интернеттен алынды
131
оқылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты, Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарлаған. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар.