Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есе өсті
Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есе өсті
135
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Парламент Сенаты сайлауы кезінде әйелдердің саяси белсенділігі өскенін айтты.
"Әйелдердің саяси белсенділігі артқан. Тіркелген кандидаттардың ішінде 10 әйел бар, бұл сайлауға қатысушылардың 17,2% құрайды. Алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өскен", - деді Берік Имашев Парламент Сенатына кандидаттарды тіркеу нәтижелерін жариялаған отырыста.
Сенат сайлауына 58 үміткер тіркелген. Айта кетейік, бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Аймақтардың ішінде ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында тіркелді, әрқайсысынан бес адамнан сайлауға қатысып жатыр.