Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Парламент Сенаты сайлауы кезінде әйелдердің саяси белсенділігі өскенін айтты.
"Әйелдердің саяси белсенділігі артқан. Тіркелген кандидаттардың ішінде 10 әйел бар, бұл сайлауға қатысушылардың 17,2% құрайды. Алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өскен", - деді Берік Имашев Парламент Сенатына кандидаттарды тіркеу нәтижелерін жариялаған отырыста.Сенат сайлауына 58 үміткер тіркелген. Айта кетейік, бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Аймақтардың ішінде ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында тіркелді, әрқайсысынан бес адамнан сайлауға қатысып жатыр.