Нұротандықтар тұрғын үйді орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосуға көмек көрсетті
Нұротандықтар тұрғын үйді орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосуға көмек көрсетті
«Nur Otan» партиясына Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласының тұрғыны 20 пәтерлік тұрғын үйді орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосып беруге көмектесуді сұрады. Партияның Сырым аудандық филиалы «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС өкілдерімен бірге осы мәселені талқылай келе, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы щешімге келді. 30 маусымда аталмыш тұрғын үй  «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС есебінен орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Тұрғындар нұротандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.