Қызылордалықтар банктерге белшеден қарыз
Қызылордалықтар банктерге белшеден қарыз
167
оқылды

Қызылорда халқының екінші деңгейлі банктер алдындағы берешегі 203 млрд теңгені құрап отыр.

Қарыздың басым бөлігін жеке тұлғалар (121,8 млрд теңге) той-томалақ пен үй жөндеуге және т.б. жаратса, қалған 102,2 млрд теңгесі заңды тұлғалар атына жазылған. Ұлттық банктің облыстық филиалының мәліметінде, бұл сома былтырғыдан 16,5% артық екенін көрсетеді.

Тұтынушылық несие алған тұрғындардың мерзімі өткен қарыздары 10,7 млрд теңгені құрайды. Енді, осылардың ішінде Президент жарлығына орай қарызы кешірілетін тұрғындар саны зерделеніп, мемлекеттік несие бюросына жолданатын болады.

Статистика комитетінің есебінше, бүгінгі күні облыста 798 483 адам мекен етеді. Яғни жас-кәрісіне қарамай осы аталған қарызды шотқа салса, қызылордалықтардың әрқайсысына 201 мыңнан шығады екен. Ал, өңірде еңбекке жарамды адамдардың орташа жалақысы 130,4 мың теңгені құрайды.