Партия алдында жаңа міндеттер тұр
Партия алдында жаңа міндеттер тұр
211
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті.

Басқосуда партия бағдарламаларын жүзеге асыру барысы және алдағы кезең­дегі жұмыстың басым бағыттары қаралды.

Елбасы Nur Otan партиясының 20 жыл ішінде еліміздің қуатты саяси күшіне ай­налғанын атап өтті.

– Ең қиын жылдары партиямыз халық пен саясаткерлерді бір бағытта жұмыс істеу­ге жұмылдырды. Біз бейбітшілік пен ұлтара­лық келісімді, саяси тұрақтылықты сақ­тадық. Соның арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл біздің елі­мізге дағдарыс қыспағынан шығуға, ин­вестиция тартуға, мыңдаған жаңа кәсі­по­рын және жұмыс орындарын ашуға, ең бас­тысы, тәуелсіздігімізді сақтауға және ны­ғайтуға мүмкіндік берді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өз­ге­ріс­терге байланысты партия алдында жаңа әрі күрделі міндеттер тұрғанын атап өтті.

– Қазақстан тез дамып келе жатқан ел­дер сияқты «орташа табыс қақпанына» тап болды. Дүниежүзінде орта таптың та­­­бысына қатысты тоқырау бар екенін кө­ріп отырмыз. Теріс жаһандық тренд­тер­дің де ықпалы артып келеді, – деді пар­тия Төрағасы.

Елбасы азаматтардың сұраныстарына да уақтылы жауап беру қажеттігін атап өт­ті.

– Қиындықтарға қарамастан, 2050 жыл­ға дейінгі стратегияда көзделген бас­ты мақсат – озық дамыған 30 елдің қа­та­ры­на кіруді, яғни қазақстандықтардың тұр­мыс сапасын алдыңғы қатарлы елдер дең­гейіне көтеруді ұмытпауымыз керек. Бұ­ған қол жеткізу үшін, ең алдымен, тұ­рақ­тылық, бірлік және барша қаза­қ­стан­дықтардың қажырлы еңбегі қажет. Мұны әр­қайсымыз жете түсінгеніміз жөн. Озық дамыған 30 елдің барлығы да осы жолдан өткен, – деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін­гі дамудың стратегиялық бағдары­ның мақсаттарына қол жеткізу үшін пар­тия тарапынан атқарылып жатқан жұ­мыс­тың басым бағыттарына тоқталды.

– Сондықтан партиямыз, біріншіден, қо­ғамды жұмылдырып, елдің саяси бас­шылығының бірлігін нығайтуы керек. Ішкі бірлік пен келісім болған кезде ғана алға ілгерілеу болады. Екіншіден, бізге нақ­ты партиялық бірегейлік және қатаң тәр­тіп, сондай-ақ атқарушы биліктің жауап­кершілігі қажет, – деді партия Төрағасы.

Елбасы Мәжіліс пен мәслихат сай­лауы­на сапалы дайындалудың маңыз­ды­лығын атап өтті.

– Алдымызда маңызды науқан – Мә­жі­ліс депутаттарының сайлауы бар. Заң­намаға былтыр енгізілген өзгерістерге сәй­кес, мәслихаттардың келесі сайлауы Мә­жіліс сайлауы сияқты алғаш рет пар­тия­лық тізім бойынша өтеді. Біз жеңіске же­туді және ұзақмерзімді саяси көшбас­шы­лықты көздеп отырмыз. Сондықтан ал­дағы сайлау науқанына бүгіннен бастап дайындалуымыз керек, – деді Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы барлық мүд­делі азаматтарды мемлекеттің өзекті әлеу­меттік-экономикалық проблемаларын ше­шу үшін партияға қосылуға шақырды.

– Біз өз ұсыныстарын айтқан белсенді аза­маттар мен блогерлерді көріп, естіп отыр­мыз. Егер олар шынымен де ел тағ­дыры үшін алаңдайтын болса, ұсынылған идеяларын жүзеге асыру үшін партиямен бірге жұмыс істеуге шақырамыз, – деді пар­тия Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өңір­леріндегі тұрғындардың проблемаларын шешу үшін Nur Otan партиясының жұмы­сын жандандыру қажеттігін атап өтті.

– Nur Otan партиясының міндеті – тиім­ді қоғамдық және партиялық бақы-лау ор­нату, халыққа берілген барлық уәде­лерді сапалы орындау. Сондай-ақ «Бес инс­титуционалдық реформаны», партия­ның 2021 жылға дейінгі сайлауалды бағ­дар­­ламасын, Президентіміз Қасым-Жо­март Тоқаевтың бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл құжаттардың бәрі қазақ­стан­дық­тардың тұрмысын жақсартуға бағыт­талған, – деді Елбасы.

Сонымен бірге, Nur Otan партия­сы­ның Төрағасы қоғамның партияға деген сенімін арттыру үшін ақпараттық-идеоло­гия­лық стратегияны қабылдау маңыз­ды­лығына баса мән берді.

– Өзекті мәселелер туралы ашық ай­тып, олардың жергілікті жерде шешілуіне ат­салысу керек. Біздің міндетіміз – қо­ғамның сенімін арттыру. Бұл үшін бүкіл қо­ғам­ның, саяси күштердің, бизнестің, зия­лы қауымның, сарапшылар мен аза­мат­тардың диалогы қажет. Қолда бар бар­лық алаңды пайдалануға тиіспіз. Нақ­ты мәселелерді шешуге бағытталған жұ­мыс жүргізу қажет. Біз азаматтарымыздың бо­лашаққа нық сеніммен қарауына жағ­дай жасауымыз керек, – деді Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті.

Саяси кеңес бюросының отырысында Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депу­тат­тары­ның мандаттарын Г.Әбдіқалықоваға, Н.Әлімжановқа, Н.Әшімбетовке және Ж.Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды.

Отырыс соңында Nur Otan партия­сы­ның Лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 та­мыз­да Үкіметтің, Парламент Мәжілі­сін­дегі партия фракциясының және аймақ бас­шыларының қатысуымен Саяси кеңес­тің кеңейтілген отырысын шақыру ту­ралы қаулыға қол қойды.