Жемқорлықты қалай жоямыз?
Жемқорлықты қалай жоямыз?
282
оқылды
                                     Жемқорлықты жоюға бағытталған жоба  «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері сервистік жұмыс моделіне көшіру арқылы мемлекеттік органдарды трансформациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық өңірлер мен орталық мемлекеттік органдарда құрылған бұл жоба қоғам ішіндегі тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған. Бүгінде ел бойынша әртүрлі деңгейдегі 280 сервистік әкімдік ашылып, 1 500 мемлекеттік мекеме ашық кеңістік пен кедергісіз фронт-кеңселер жасақтаған. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің 5 000 басшысы азаматтармен жедел қарым-қатынас орнату үшін жұмыс бөлмелерін бірінші қабатқа ауыстырды. Бұл ең алдымен, әкімшілік кедергілерді болдырмайды, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасайды. Мысалы, Талдықорған мен Петропавл қалаларының сервистік әкімдіктері карантин жағдайында жабық болған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ауыстырып, азаматтарға өз мәселелерін шешуге және қауіпсіз жағдайда мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік берді. Агенттік департаменттері де өз есіктерін азаматтар үшін айқара ашты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыру аясында 16 сервистік Антикор-орталықтары салынып, азаматтарды кедергісіз қабылдау әрі құқықтық және консультациялық көмек беру жұмыстарына кірісіп кетті. Агенттік мемлекеттік мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, белсенді азаматтарды, кәсіпкерлердің сұрақтарын талқылау әрі шешу үшін Антикор-орталықтардың алаңын барынша пайдалануға шақырады. «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысындағы маңызды жетістіктер мен нәтижелерге жету көбіне азаматтардың мәселесін шешуде өңірлердегі әкімдердің жеке араласуы мен мүдделілігіне байланысты. Әкімдердің жеке қызығушылығы мен Агенттіктің күш-жігерінің бірігуі өз мәселесімен келген азаматтардың төрттен үш бөлігінің сұрағын шешіп берді, бұл шамамен 4 мың адам деген сөз.  

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 12,5 млрд теңге көлеміндегі негізсіз                                                                   шығындардың алдын алды

Биыл қаңтарда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізудің жаңа ережелеріне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу ережелерінің 18-тармағы, ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабы). Агенттік қызметкерлері «Атамекен» ҰКП-ның «Бірыңғай сатып алу терезесі» жүйесі арқылы 6,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды. Аталған фактілер мемлекеттік сатып алу әкімшілеріне олар келіскен жоғары сомаларды азайту туралы ұсынымдармен жеткізілді. Негізгі мақсат – сатып алу жоспарының тармақтарын адекватты бағаға қайта қарау. «Сапалы жол» жобасы Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлескен жұмыстың арқасында жолдарды жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы сараптау қорытындысы бойынша 12,5 млрд теңге сомадағы тиімсіз шығындардың алдын алды. Жыл басынан бері жалпы құны 488 млн теңге болатын сапасыз жолдарды қабылдауға жол берілмеді. Теміржол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлықты азайту және қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету бағытында «Адал жол» жобасы ҚТЖ-ның теміржол билеттерін сатып алу мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жеңілдікпен билеттерді онлайн сату ұялы қосымшасын іске қосуға бастама жасады.  width= Сондай-ақ теміржол тасымалдары 100% қалпына келгеннен кейін билетсіз жүретін жолаушыларға қатысты мәселені шешуге мүмкіндік беретін  тұлғаларды Face ID зияткерлік жүйесі арқылы тексеруді енгізу жоспарланып жатыр. Protecting business and investments жобасы аясында «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп агенттік ел бойынша 510 бизнес-жобаны қолдайды (жалпы сомасы 12 трлн теңгеден астам инвестиция). Агенттік қызметкерлері аталған компаниялар тап болатын кедергілерді жоюға көмектесіп қана қоймай, тиісті мемлекеттік органдармен олқылықтарды пысықтап жатыр. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 21 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, ал 61 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды, олардың ішінде басшылар мен әртүрлі санаттағы әкімдер бар. Жыл басынан бері қылмыстық-құқықтық шаралар аясында лауазымды тұлғалардың бизнесті жүргізуге заңсыз араласуының 190 фактісі анықталып, 205 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Мұндай жұмыс сыртқы зерттеулер нәтижелеріне де әсер етеді. Осы айда халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (IMD, Швейцария) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша Қазақстан екінші жыл қатарынан өз жағдайын жақсартуда (бағаланатын 63 мемлекеттің ішінде ел екі жыл ішінде 39-дан 27-орынға көтерілді). Тұтастай алғанда, басқа агенттіктердің, соның ішінде Дүниежүзілік банктің Кәсіпорындарды зерттеу, Transparency International халықаралық ұйымының Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа мониторинг және PRS-тің елдегі қауіп-қатерді бағалау жөніндегі зерттеулері де бизнестің сыбайлас жемқорлық деңгейінің біртіндеп төмендегенін көрсетті.

                                 Жемқорлықты жою үшін 1 000-ға жуық ұсыныс енгізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабының тәртібіне сай сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар енгізеді. Заң шекарасынан өткен адамға жазаны сот белгілейді.  Осы жылдың бірінші жартысында әртүрлі мемлекеттік органдар мен мекемелерге шамамен 1 000-ға жуық ұсыныс жіберілді. Бестен бір бөлігі Ішкі істер органдарына жіберілген. Одан кейінгі кезекте – әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер. Қаралған ұсыныстардың нәтижесі бойынша 477 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың төрттен бірі жұмыстан босатылды. Атқарып отырған лауазымына сәйкес ескерту алғандар (59) және лауазымынан төмендетілгендер (8) бар. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (қатаң сөгіс – 117, сөгіс – 127, ескерту – 34). Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да (6) бар. Жазаланғандардың арасында 206-сы – басшылар. Оның әрбір бесіншісі қызметінен айырылды (жұмыстан шығарылғандар – 6, қызметінен босатылғандар – 38). Сонымен қатар агенттік өткен жылдың соңында қабылданған басшылардың отставкаға кетуі және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Бүгінде бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін 3 мемлекеттік саяси қызметші отставкаға кету туралы өтініш берді.

 width= Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі ауылдық округ әкіміне қатысты үкім шыққаннан кейін, прокуратура наразылығын қарау бойынша сот шешімін күтпестен, отставкаға беріп (Әлімқұлов, ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру арқылы 505 мың теңге сомасында айыппұл) өз еркімен қызметінен босатылды. БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі отставкаға кетті, оның бағынышты – аудандық білім бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады (Сапаров, ҚР ҚПК 367-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-бөлігі, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойы және 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды). Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімі – қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін отставкаға берген (Кунедилова, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 12 млн теңге сомасында айыппұл). Оның отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық істер бар. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын 16 басшы беруі тиіс. Олар республикалық деңгейдегі 3 басшы, 3  облыстық, 3  қалалық және 7  аудандық деңгейде. Бұдан басқа, 45 әкімшілік мемлекеттік қызметші бағынышты адамдарды соттаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Жақында Қостанай облысы Рудный қаласы аппаратының басшысы Қашар кентінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық үшін тергелуіне байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды.

                                         200-ден астам заңбұзушылық анықталды Биыл  24 шілдеде өткен онлайн-брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы азаматтық қоғам қатарынан агенттік серіктестерінің саны 80 мың адам екенін хабарлады. Бұл небәрі 1 300 ғана қызметкері бар агенттіктің жалпы санынан 60 есеге көп. Өткен жылдың соңында қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралардың көмегімен парасаттылық идеологиясын қалыптастыру сұрақтарында жетекшілік ету функциясы агенттіктің құзырына берілген. Ғанижан Асанұлы өз сөзінде қоғам мүшелерінен жасақталатын арнайы мониторингтік топтардың, ақпараттық-ағарту штабтарының және «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің маңызын атап өтті. «Ақпараттық-ағарту штабының белсенділері танымал әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік шыдамдылық қалыптастыру тақырыбында 380 мыңдай адаммен қаралған 1 000-нан аса тікелей эфир өткізді», – деді Ғ.Асанұлы. Пандемия жағдайында АМТ мүшелері блок-бекеттер мен қоғамдық маңызды нысандарға мониторинг ұйымдастырды, мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін сұраныстарды қарау барысындағы комиссияның жұмысы мен ҰБТ тапсыру кезінде сыртқы бақылауға белсенді қатысты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ азаматтық белсенділерден құрылған жұмыс топтары  2 500-ден астам дәріханаларға, 200 медициналық бұйымдар қоймаларына, 250 аурухана мен емханаларға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық анықталды. Ең көп таралған бұзушылықтардың қатарында: бағаны көтеру, дәрі-дәрмектерді мамандандырылған үй-жайлар мен дәріханалардан тыс сату, лицензиясыз дәріханалардың жұмыс істеуі. Елордалық дәріханаларда амлодимед және цеф-3 препаратының бағасы үштен есе бағада сатылған. Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды азық-түлік базарларында және азық-түлік дүкендерінде қайта сату фактілері анықталды. Нұр-сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталды.  width= Қостанай облысында облыстық аурухананың лауазымды тұлғасына қатысты өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын 35%-ға жоғары бағамен жеткізуге шарт жасасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Нақты бағасы 520 мың теңге болған жағдайда сатып алу 702 мың теңге жоспарланған (шығын Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысымен расталған).  width= Қызылорда облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аппараттар «СК-Фармация» ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған. Жасанды тапшылыққа жағдай жасаған жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің ірі партияларының кешіктірілу фактілері анықталды. Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған дәрі-дәрмектердің (парацетамол, аспирин) 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық органдарына материалдар жіберілді. Есепті кезеңде ӘКБК-нің 424 (заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет, айыппұл – 70 АЕК) және 426 (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережелерді бұзу, айыппұл – 70 АЕК) баптары бойынша 65 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 млн астам медициналық масканы заңсыз жүзеге асырудың жолы кесілді. Нәтижесінде олар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Келіп түсетін медициналық препараттар мен бұйымдарды жымқыру және қайта сатуға жол бермеу мақсатында СOVID-19-ға қарсы күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу процесі жұртшылықты тарта отырып бақылауға алынды. Гуманитарлық көмекті сүйемелдеу барысында агенттік қызметкерлері Денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаптамаларда «Гуманитарлық көмек – тегін»  мөрі қойылды. Бұл тауарды одан әрі мақсатсыз пайдалану ісін азайтады. Бүгінде Катар, ҚХР, БАӘ елдерінен гуманитарлық көмек келді. Ресей, Өзбекстан, ДДҰ, Түркия және Германиядан келген гуманитарлық көмек тасымалдау кезеңінде тұр. Чехиядан Алматы қаласына келген гуманитарлық көмек бөлу сатысында. Агенттік «СҚ-Фармация» ЖШС-не пандемияға қарсы күрес кезеңінде келген гуманитарлық көмекті әрбір өңірге бөлуге қатысты ақпаратты  ашық түрде орналастыруды ұсынды. Бұл ақпарат «СК-Фармация» ЖШС сайтында бар.                                «Адал комек» жобасы аясында 11 мыңға жуық азамат кеңес алды Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бірқатар жаңа интерактивті онлайн жобаларды бастады. Құқықтық сауаттылықты көтеру мен ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелердің шешілуін көздейтін Adal kómek волонтерлік жобасы ерекше назар аудартады. Жоба аясында жыл басынан бері 11 мыңға жуық азамат мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды.  width= Мемлекет басшысы жоба жетекшісі Айман Омарованы «Халық алғысы» медалімен марапаттауы – уақытында бастау алған жобаның нәтижелі екенінің айғағы. Сондай-ақ халыққа агенттіктің жұмысы туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңашылдықтарды түсіндіру үшін танымал әлеуметтік желілерде 1 800 тікелей эфир өткізген «Antikor.LIVE» жобасы да бар. Сыбайлас жемқорлық саясатының түрлі қырларын түсіндіру жұмыстарына мемлекеттік органдар басшыларынан, әр саланың мамандары мен қоғам белсенділерінен тұратын 1,5 мың сыртқы сарапшы-спикерлер тартылды. Аталған жобалар әлеуметтік оқшаулану жағдайында азаматтарды қабылдаудың дәстүрлі үлгісін алмастырып, еш шектеусіз, қиындықсыз агенттікпен байланысқа шығып, мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Әр апта сайын агенттіктің жұмысы көрсетілетін Antikor News арнайы жаңалықтар топтамасы шығып тұрады. Аталған мерзімде 6 интернет-конференция, 19 онлайн-брифинг және 48 онлайн-интервью ұйымдастырылды.  

Фото: Интернеттен алынды