Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Bek Air тағы жеңілді

Алматы қаласының Түр­к­сіб аудандық соты Тұ­ты­ну­­­шылардың құқығын қор­ғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-на қатысты екінші тала­бын қанағаттандырды. Жолау­шылар билеттерінің ақысын толық алатын болды.

«Айқын» ақпарат
Шілде 25, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
bek air
362
қаралым

Комитет 81 адамның мүддесін қорғаған. Жалпы саны 177 би­лет сатып алынған. 3 шілдеде түсірілген талап 5,9 млн теңгені құрайды. Әуекомпанияға қойыл­ған талаптарға келсек, тұтыну­шы­лардың кінәсінсіз жойылған әуе рейстеріне бұрын сатып алын­ған билеттің құнын толық көлемде қайтаруын, жауапкерді тұтыну­шының кінәсінсіз жойылған әуе рейстерге сатып алынған билеттің толық құнын өтеуін, «Бек Эйр» АҚ-нан тұтынушылар пайдасына әуебилет үшін төленген сома­ны өндіріп алу көзделген. Мақ­сат орындалды, талап қанағаттан­дырылды. Енді сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін комитет тұтынушыларға ақшаны тез арада қайтаруға жәрдемдеседі.

Осыған дейін 26 мамырда сот тасымалдаушының мүлкін тәркілеген болатын. Сондай-ақ 17 маусым күні Түрксіб аудандық сот Bek Air әуекомпаниясын ұшпай қалған рейстер билетінің құнын қайтаруға міндеттеген еді. Жауапкердің жолаушыларға қайтаратын сомасы ол кезде 54,2 млн теңге болған. Осынша сомаға 1,6 млн билет сатып алынған. Араға 3 күн салып, Тұтынушылар құ­қығын қорғау комитеті екін­ші талап-арыз дайындап жат­қанын хабарлаған. Сонымен бірге айта кететін тағы бір жайт, сот Bek Air әуекомпаниясына 16,2 млн теңге көлемінде мемле­кеттік баж салығын төлеуді тап­сырған. Аталған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Коронавирус пандемиясына байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистр­лігі бұл іс ұзаққа созылып кетуі мүмкін деген еді.

Есіңізде болса, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан бас қалаға қарай шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әуе апатынан 12 адам қаза тауып, 50 шақты адам жарақат алған. Осыдан соң Қазақстанның авиа­циялық әкімшілігі эксплуатант­тың сертификаттары қызметі мен ұшуын тоқтатып, Бас көлік прокуратурасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, Bek Air-дің біршама былығы ашылды. Соның ішінде, ұшу қауіп­сіздігіне әсер ететін де, өзге де өрес­кел заңбұзушылықтар та­былды.

Bek Air соты ұзаққа созылмақ

Bek Air компаниясы халыққа қарызын қашан қайтарады?

Әуекомпания сотта төртінші рет жеңілді

Тексеріс нәтижесі әуеком­па­нияға жолданып, хатты алған соң 10 күн ішінде Авиациялық әкімшілікке қалай реттейтіні жөнінде жоспар жіберуі керек болатын. Сонымен бірге беті ашылған «былықтың» бәрін қа­лыпқа келтіруге жарты жыл уақыт берілген. Егер осы уақыт ішінде орындамаса, сертификаттар қай­та­рылатыны туралы да айтылды.

Енді аталған ескертулер ес­керусіз қалғандықтан, Fokker-дің барлық тоғыз әуекемесіне ұшуға тыйым салынып, сертификаттар қайтарып алынған. Ұшақтардың ұшпайтыны белгілі болған соң, Тұтынушылардың құқығын қор­ғау комитеті Bek Air-ді сотқа берді. Ондағысы –жолаушылардың ақ­шасын қайтаруға қатысты талап-арыз. Екі сот отырысының нәтижесінде енді алдағы уақытта жалпы саны 989 тұтынушының билет үшін берген қаражаты қай­тарылады. Жолаушыларға әуе­ком­пания қайтаруы тиіс сома — 60,1 млн теңге.

 

Айша ЕРСҰЛТАН

 

 

 
Тегтер: Bek Airәуекомпанияжолаушылар билеттеріТүрксіб аудандық соты
Алдыңғы жаңалық

4 сенатор қайта сайлануға ынтық

Келесі жаңалық

Елорда маңында «екінші Арал» керек пе?

Ұқсас жаңалықтар

ел
Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 2021
өрт
Жаңалықтар

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
аяз
Қазақстан

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 2021
Елорда
Жаңалықтар

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 15:20

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 14:49

Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қаңтар 24, 14:23

Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атқан

Қаңтар 24, 14:01

Хабиб Макгрегордың жеңілу себебін атады

Қаңтар 24, 13:57

Дубайда әлемдегі ең биік карусель ашылды

Қаңтар 24, 13:36

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 13:13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ел

Еліміздің бірнеше өңірінде жол ашылды

Қаңтар 24, 2021
өрт

Семейде 4 адам өрттен құтқарылды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»