Шалғайдағы шағын ауданның инфрақұрылымы шешіледі
Шалғайдағы шағын ауданның инфрақұрылымы шешіледі
148
оқылды
Биыл Шымкент қаласындағы 4 ауданға 1 млрд теңгеден қаржы бөлінгені белгілі. Жоғарыда атап өткен абаттандыру жұмыстарына осынау қаржының 800 миллион теңгеден астамы жұмсалып отыр. Одан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға рес­публикалық бюджеттен 75,8 млн теңге бөлінген. Айта кетейік, аталмыш ны­сандар тамыз-қыркүйек айла­рында пайдалануға берілуі қажет. Шымкент қаласының әкімі Мұ­рат Әйтенов Еңбекші ауданын­дағы абаттандыру жұмыстары барысын көріп, бірқатар ескерт­пелерді атап өтті. Жұмыстың са­пасына баса назар аударған қала басшысы орындықтар мен кіші архитектуралық формалар сияқты орнатылатын эле­мент­терді сапалы материалдардан пайдалану қажетін ескертті. Ал Еңбекші ауданының әкімі Ға­лымжан Ильясов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келіп, биыл бұдан бөлек, 6 ашық спорт алаңшасы мен аула аралық тозығы жеткен 8 мекенжайдағы баспалдақтардың қайта құрылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар келер жылы аудан аума­ғындағы 100-ден аса үйдің аула­сы жөнделіп, балалар ойын алаң­дарын қайта құру жоспар­ланып отыр екен. Enbekshi aydani 1 Сондай-ақ Шымкент қала­сының 195-орамындағы инфра­құрылым мәселесі толығымен шешілмек. Үшінші мегаполиске жаңадан қосылған қала шетіндегі елді мекендердің инфрақұры­лымы өзекті мәселе болып келе жатқаны белгілі. Биыл Бадам ша­ғын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары осынау мәсе­леден біржола құтылмақ. Тұр­ғындар биыл толығымен ауызсу, көгілдір отынмен және электр жарығымен қамтамасыз етіл­мекші. Бұл туралы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәу­лен­құлов аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескенде атап өтті. Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфра­құ­рылым жұмыстары аяқталған соң асфальт жол төселіп, қо­ғамдық көліктің де қатынай­ты­нын жеткізді. Сондай-ақ ол ал­дағы уақытта мектеп пен бала­бақшаның салынатынын айтты. Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасып ішіп, жекеменшік қуат реттегіш­тен қымбат энергия жарығын алып келген болатын. Енді осы­нау күрделі мәселе шешімін табатын күн жақын қалды. Мұн­да мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС прорабы Теңел Жақсы­мұ­ратов нысанды қараша айында тапсыратынын мәлімдеді.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы