Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
96
оқылды
Ол Instagram парақшасында коронавирус пандемиясы – халықты химиямен улау екенін және Қостанай мен іргелес ау­дандарда ұшқан белгісіз ұшақ осы мақсатта қолданылады деп жазған. Бұл хабарламаны поли­­цейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі­лерге жасаған мониторинг ке­зінде байқаған. «44 жастағы қостанайлық әйел ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бап «Жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаментінің бас­пасөз қызметі. Бұл бап бойынша әйелге 1 000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 400 сағатқа дейін қо­ғамдық жұмыстар, не болмаса 1 жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін.  

М.ТӨЛЕУ