Ол Instagram парақшасында коронавирус пандемиясы – халықты химиямен улау екенін және Қостанай мен іргелес аудандарда ұшқан белгісіз ұшақ осы мақсатта қолданылады деп жазған. Бұл хабарламаны полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жасаған мониторинг кезінде байқаған. «44 жастағы қостанайлық әйел ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бап «Жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұл бап бойынша әйелге 1 000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не болмаса 1 жылға дейін бас бостандығын айырылуы мүмкін.
М.ТӨЛЕУ