«Jas Otan» Жастар қанаты ауруханаға 100 литр қымыз бен шұбат жеткізді
«Jas Otan» Жастар қанаты ауруханаға 100 литр қымыз бен шұбат жеткізді
фото: ашық дереккөз
227
оқылды
Алматы облысы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері инфекциямен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының дәрігерлеріне қымыз бен шұбат ұсынып, жеміс-жидек себеттерін таратуды бастады. «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен жалғасатын шара Талдықорған қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне үшін 50 литр қымыз, 50 литр шұбат сусынын тегін жеткізіп берумен басталды. Әрі сырқаттанған медицицна қызметкерлерінің үйіне жеміс салынған себет жеткізілді. Сонымен қатар, аталмыш игі шара облыстық барлық аудандарында қолға алынып, аудан-қалаларда жасотандықтар қымыз таратуда. "Еліміздегі жағдайға байланысты коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбектері орасан зор. Осындай қиын кезеңде инфекциямен күресуге жұмылған дәрігерлерге қазақтың ұлттық сусыны мен денсаулыққа пайдасы зор жеміс-жидек салынған қораптарды тегін жеткізіп береміз. Бұл іске жастар ерікті түрде қосылып, өз үлестерін қосып жатыр. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектің тапшылығына байланысты туындаған кезекті болдырмау үшін, еріктілер тобы тапсырыс берген науқастың өтінішін орындауға кірісті. Яғни, біз дәріханадан қажетті препаратты алып, науқастың үйіне дейін жеткізіп береміз. Әрі жедел желі арқылы қазетті дәріні қай жерден табуға болатынын анықтап, кеңес беруді де бастадық", - дейді  "Jas Otan" жастар қанаты Алматы облыстық филиалының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов.