Маска тақпауға болады, егер ...
Маска тақпауға болады, егер ...
фото: ашық дереккөз
213
оқылды
Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева  масканы барлық жерде – егер екі немесе одан да көп адам бірге жүрсе, көшеде де кию керек екенін айтты. «Әрине, қазір түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға тәртіпті сақтамаса әкімшілік айыппұл салынатынын ескертемін. Ең алдымен бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін қажет. Масканы көшеде кию керек. Егер адам көшеде жалғыз жүрсе, маска тақпаса болады», - деді Беркімбаева. Бас санитар дәрігер медициналық бетперде кию талабын елемегендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, 83 340 теңге айыппұл салынатынын ескертті. Сондай-ақ бетперде ауыз бен мұрынды толығымен жабуы тиіс. Ал бір реттік масканы әр екі сағат сайын ауыстырып отыру керек. "Бірақ шенеуніктердің ешқайсысы халыққа санитарлық нормаларға сәйкес масканы ауыстыру үшін қайдан ақша табу керектігін түсіндірмейді. Кейбір ақтөбеліктер бір рет қолданылатын масканы бірнеше күн киіп жүретінін айтады, ал жаңасын сатып алуға ақша жоқ. Айтпақшы, карантин аяқталғаннан кейін, бір реттік масканы кию талабы қалады", - деп жазды "Диапазон" газеті.