Қазпоштаға жаңа басшы тағайындалды
Қазпоштаға жаңа басшы тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Қанат Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірген. Магистр дәрежесіне ие болған. Бұған дейін Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры, 2008-2018 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да түрлі лауазымды қызметтер атқарған.