«Jas Otan» Жастар қанаты аудандық ауруханаға 6 оттегі концентраторын табыстады
«Jas Otan» Жастар қанаты аудандық ауруханаға 6 оттегі концентраторын табыстады
187
оқылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға аудандық «Jas Otan» ЖҚ және еріктілердің демеушілігімен «OZ-5 Рестор» атты 6 оттегі аппараты жеткізілді. Аппаратты аудандық жастар ресурстық орталық директоры, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебаев тапсырды. Ауданда нұротандық мен жасотандықтар тарапынан осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Мысалы, партия мүшелері Сұлтанғазиевтер әулеті Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 1,1 млн теңгеге 2 дана оттегі концентраторын  тапсырды.  width= Жалпы, Алматы облысында медицина саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Осы уақытқа дейін партиялықтар мен жасотандықтар дәрігерлерге қымыз, шұбат беру шарасын өткізді. Қазірдің өзінде облыстық ұйым 200 литрден астам қымыз бен шұбат жеткізді. Сонымен қатар басқа аудандарда да оттегі концентраторларын табыстау жалғасуда.