Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханаға аудандық «Jas Otan» ЖҚ және еріктілердің демеушілігімен «OZ-5 Рестор» атты 6 оттегі аппараты жеткізілді. Аппаратты аудандық жастар ресурстық орталық директоры, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебаев тапсырды.
Ауданда нұротандық мен жасотандықтар тарапынан осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Мысалы, партия мүшелері Сұлтанғазиевтер әулеті Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 1,1 млн теңгеге 2 дана оттегі концентраторын тапсырды.