Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармация» қоймаларын тексерді
Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармация» қоймаларын тексерді
154
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақтағы эпидемиологиялық жағдаймен танысу үшін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Атырау облысында жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары аясында «СҚ-Фармация» ЖШС қоймалары, медициналық мекемелердің бір айлық тұрақты қормен қамтамасыз етілуі тексерілді. Бүгінде  аталған мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамту жолға қойылған. Атап айтқанда, «СҚ-Фармация» апта сайын 338 түрлі препараттар жеткізіп келеді. Бұның сыртында облыстың дәріханаларына да соңғы екі апта ішінде 80 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі дәрі-дәрмек бойынша облыстың барлық медициналық мекемелерінде бір айлық қор бар, алайда  қажетті сегіз дәрі бойынша қор бір аптаға ғана жетеді. «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Е.Искалиев аталған мәселені үш күннің ішінде шешуге дайын екенін жеткізді. Премьер-Министрдің орынбасары «СҚ-Фармация» компаниясына облыс әкімдігімен бірлесе отырып, үш айлық дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру үшін өтінім беру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру мақсатында шұғыл шешімдер қабылдау үшін жиын өткізілді. Жиын соңында медициналық мекемелерді өкпені жасанды желдету аппараттарымен және оттегі концентраттарымен толық жабдықтау үшін нақты шешім жолдары әзірленіп, протоколдық тапсырмалар қабылданды. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов түсіндіру жұмыстарын күшейтуді жалғастырып, халық санитарлық нормаларды сақтауға баса мән беру керегін атап өтті. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірге сапары аясында COVID-19-ға арналған инфекциялық станционар ретінде жұмыс істеп жатқан Атырау облыстық №2 ауруханасына да барды. Онда барлығы 1 557 адам коронавирус инфекциясымен түсіп, олардың 1 386-сі жазылып шыққан.  width= Қазір облыста инфекциялық орындар 60 пайызға артқан. Ал шілде айының басынан бері аталған орындар 83 пайыздан 61,7 пайызға дейін босаған. Қосымша сапалы медициналық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін кол-орталық ұйымдастыру арқылы жәдел жәрдемге түсетін қоңыраулар 1 300-ден 700-ге дейін азайған.  Күн сайын рейд өткізетін 114 мониторинг тобы 563 бұзушылықты анықтап, 10 миллион теңгеден астам соманың айыппұлы салынды. Үкіметтік делегация бұған дейін жұмыс сапарымен Қызылорда және Маңғыстау облыстарында болған еді.