Н.ӘШІМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты: Мәселе көп, бастысы, оң шешім шығару
Н.ӘШІМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты: Мәселе көп, бастысы, оң шешім шығару
332
оқылды

– Нұржан Кемерұлы, Екібастұз қаласының әкімі едіңіз, енді Мәжіліс депутаты болып сайландыңыз. Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Рас, депутаттыққа сайландық. Енді қандай комитетке бөледі, соның бағытына қарай жұмыс істейміз.

– Біраз басшылық қызметтерде істедіңіз, халықтың мұң-мұқтажын, қажетін жақсы білесіз. Қандай мәселені көтермекшісіз?

– Жалпы, қала тұрғындарының үлкен мәселесі – тұрғын үй-коммуналды шаруашылық. Жалпы көлемде үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізбесе, үй қараусыз қалып, ескіре береді. Негізі елімізде тұрғын үй мәселелері өте күрделі. Мәселен, тұрғын үй қоры ескерді. Халық шатыр жөндеу, жылыту, су құбырларын ауыстыру, ауланы аббаттандыруға қаражат жинағысы келмейді. Мемлекеттен қаражат бөлмейді. Осы механизмді дұрыс жұмыс істеу жолын қарастырып, ретке келтіру керек. Оған қоса, тұрғын үй мәселелерін қарастыру үшін тұрғын үй заңы әлі қабылданбай жатыр. Ең күрделі мәселе – осы.

– Өзіңіз ауылшаруашылық саласында жұмыс істедіңіз, ішкі мәселелерін жақсы білесіз. Бұған қатысты не айта аласыз?

– Бағана айтқанымдай, әлі қай комитетке сайланғаным белгісіз. Егер ауылшаруашылық саласына сайлансам, елімізде шығатын өнімдерді дұрыс жинақтап, өткізу жолын ретке келтіру керек. Мәселен, сүт, ет, көкөніс өнімдері өзімізде өндіріледі, соны өткізіп, табыс табу жолын қарастырған жөн. Әйтпесе, ауылда өнім бар. Оны дұрыс жинатқызып, дұрыс өндіре білсе, халыққа да оңтайлы болар еді.

Әңгімеңізге рақмет.

– Рақмет!