Елордада №2 қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли қайтыс болды. Ол да коронавирус жұқтырған. Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі растады. "Иван Ли ісінің нағыз маманы болатын, ол құтқарған өмір саны біреу емес. Алғашқы күннен бастап ол коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрды. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.