Ж.ОМАРБЕКОВА, Мәжіліс депутаты: Әр адамның бақытты болуға құқы бар
Ж.ОМАРБЕКОВА, Мәжіліс депутаты: Әр адамның бақытты болуға құқы бар
5,154
оқылды

Жұлдыз, вице-министр қызметінде істедіңіз. Енді Мәжіліске барғаныңызда нақты қандай мәселе қозғайтыныңызды жоспарлаған шығарсыз?

– Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымын атқарғанда, отбасы және жастар саясаты мәселеріне жетекшілік еттім. Көзімнің жеткені, проблеманың көбі ерте жастан, яғни отбасынан бастау алады.

Ең біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік зорлық-зомбылықты, тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жазаны қатаңдату. Қазіргі уақытта адамдар басқа адамның өміріне қолсұғудан қорықпайды. Бұл ретте көбіне балалар, әйелдер, қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар қорғаусыз болып жатады. Сондықтан да балалар мен қарт адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін әзірлеу қажет.

Екіншіден, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттерге санкцияларды көтеру қажет. Сонымен бірге, ешбір заңнамалық құжатта жалғызбасты әкелердің рөлі мен мәртебесі бекітілмеген. Сондай-ақ Қазақстанда жалғызбасты әкелердің жалғызбасты аналарға ұқсас құқықтары жоқ. Біз осы жағдайды қолға алып, балаларын өздері тәрбиелейтін әкелерге қолдау көрсетуіміз керек.

– Ал азаматтық сектордың жағдайы қалай болмақ?

– Азаматтық сектордың институционалдық дамуы – бұл бөлек мәселе. Бастысы, азаматтық сектор жаһандық трендтерді есепке алып, дамудың жаңа деңгейіне көтерілуі тиіс. Біз, өз кезегімізде, азаматтық сектордың дамуының жаңа кезеңіне толық өтуі үшін нақты жағдайларды жасауымыз қажет.

– Жаңа заң бекітліп, өзгертулер орын алса, мұның жалғызбасты әкелерге тигізетін пайдасы бола ма?

– Қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойынша нәтижелі жұмыс болады. Әр бала, әр адамның қолайлы отбасында, дамыған азаматтық қоғамда бақытты өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек.

Бұған қоса, бізге жалпыға ортақ экологиялық қауіпсіздік басымдықтары қағидаларын сақтауға, әр адамға экологиялық қолайлы жағдайда өмір сүруді қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның ластануын және табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың алдын алуға, халықаралық өлшемдерге негізделген қоршаған ортаның ахуалына бақылауды орнатуға негізделген жаңа Экологиялық заңнама қажет.

– Әңгімеңізге рақмет!