Қазалыда той жасаған екі тұрғынға 83340 теңге айыппұл салынды
Қазалыда той жасаған екі тұрғынға 83340 теңге айыппұл салынды
154
оқылды
Қызылорда облысының тұрғындары күнделікті жүргізген ақпараттық жұмыстарға қарамастан жеке тұрғын үйлерде той жасауларын тоқтатар емес. Оны күнделікті жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесі көрсетіп отыр. Қазалы ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ Әйтеке би кентінде қыз ұзатып жатқан тұрғындарды анықтаған. Сондай-ақ, рейд барысында Қазалы қаласында да той жасаған тұрғынға хаттама толтырылып, заңдылыққа сәйкес шара қолдану үшін құзырлы органға жолданған болатын. Осыған орай карантин талаптарын сақтамай той жасаған қос тұрғынға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 83340 теңге айыппұл салды.