Елордаға келіп қонған QAZAQ AIR ұшағының корпусына зақым келген
Елордаға келіп қонған QAZAQ AIR ұшағының корпусына зақым келген
фото; ашық дереккөз
240
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына қонған QAZAQ AIR ұшағының корпусына зақым келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ұшақ Өскеменнен ұшып келген. «Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында әуе кемесін ұшар алдындағы қалыпты қарау барысында әуекомпанияның бір ұшағының корпусынан іздер табылды. Тиісті қызметтерге шұғыл хабар берілді», - деп хабарлады әуе компаниясынан. «QAZAQ AIR» авиакомпаниясы жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады, сондықтан компанияның авиация-техникалық қызметі тарапынан тексеру және толық талдау жүргізілгенше аталмыш борттың жұмысын тоқтату жөніндегі шешім қабылданды. Өңірлік QAZAQ AIR авиакомпаниясы үшін авиациялық қауіпсіздік – негізгі басым бағыт, осыған байланысты аталмыш оқиға бойынша тексеру толық аяқталғанша түсініктеме беруден қалыс қаламыз», делінген әуекомпаниясының хабарламасында. Әуекомпаниясының мәліметінше, ұшу бағдарламасы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.