«Алтын доп» иегері 16 жылда алғаш рет қызыл қағаз алып матчтан қуылды (видео)
«Алтын доп» иегері 16 жылда алғаш рет қызыл қағаз алып матчтан қуылды (видео)
173
оқылды

Модрич «Реал» сапында 2012 жылдан бері ойнап келе жатыр

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич Испания чемпионатының бірінші турында «Сельтаға» қарсы өткен ойында қызыл қағаз алды.

33 жастағы хорватиялық ойыншы «Сельта» ойыншысы Денис Суареске қарсы тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуылған. Бас төреші бейнеқайталау жүйесін көргеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Бұл Модричтің карьерасы басталғалы бері алғаш рет алып отырған тікелей қызыл қағазы.

Модрич «Реал» сапында 2012 жылдан бері ойнап келе жатыр. Оның клубпен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Хорватия құрамасының капитаны былтыр «Алтын доп» сыйлығын жеңіп алып, 10 жыл бойы үздіксіз жалғасқан Роналду мен Месси гегемониясын бұзған еді.   

Ал матч барысында мадридтік клуб "Сельтаны" 3:1 есебімен жеңді. Корольдік клуб сапынан Кәрім Бензема, Тони Кроос және Лукас Васкестер көзге түссе, виголық клуб сапынан Икер Арагунде есеп айырмасын қысқартты. 

https://youtu.be/ZnUWQsHkKm0