Сәтпаев қаласында бұзақылық жасаған 3 адам тұтқындалды
Сәтпаев қаласында бұзақылық жасаған 3 адам тұтқындалды
Фото ашық дереккөзден алынды
268
оқылды
Сәтпаев қаласының соты 5 жасар бала жоғалған кезде бұзақылық жасады деген күдікпен үш азаматты тұтқынға алуға санкция берді. «Үш азаматты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қыз ұрлаған күдіктіге полиция бүгін санкция береді» – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Бұзақылық жасады деп ұсталғандарға қандай айып тағылғаны әзірге белгсіз. Полиция қызметі мен азаматтарға келтірілген шығын да айтылған жоқ. Дүрлігу кезінде зардап шеккендердің мүлкіне кім жауап беретіні айқын емес. Бұзақылық кезінде соққы алған Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Амангелді Құрманов мемлекеттік тілде байланыс орната алмаған соң қарсылыққа ұшырады деген де болжам бар. Кейбір куәгерлер ол ішімдік ішкен күйінде халық алдына шыққан деп те жазып жатыр. Полиция бөлімшесінің алдына жиналғандар қолдарына түскен тастарды лақтырып, көліктерді қиратқан. Куәгерлер түсірген видеода полиция бөлімінің жанында қираған он шақты машина тұр. Видеоның жалғасы жастардың полиция көлігіне тас лақтырып жатқанын көрсетеді.  https://www.facebook.com/sadykovanatalya/videos/3039323396120667 Еске сала кетейік, 23 маусым күні сағат 21.00-де Сәтпаев қаласының ІІБ Жезқазған қаласының тұрғыны өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлайды. Жоғалып кеткен бала Сәтпаев қаласына туысының үйіне келген. Жергілікті еріктілер барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге жоғалған баланың фотосы мен дерегін салып іздеу салады. Тұрғындардың айтуынша бала түскен үй жақында ғана туысынан айрылып қара жамылып отырған шаңырақ.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы