Оқушылардың демалыс күндері белгілі болды
Оқушылардың демалыс күндері белгілі болды
156
оқылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі оқу жылының басталуы мен ұзақтығы жайында және каникулдық кезең туралы бұйрық шыққанын хабарлады.

ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы 29 шілдедегі "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" №337 бұйрығына сәйкес мынадай мерзімдер айқындалды:


1) 2019 - 2020 оқу жылының басталуы - 2019 жылдың 1 қыркүйегі.
2) 1 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы;

- күзгі каникул – 7 күн (28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда);
- қысқы – 10 күн (30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда);
- көктемгі – 13 күн (21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда).

1 сыныптарда қосымша каникул - 7 күн (3 - 9 ақпанды қоса алғанда).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады.