Полиция Көбейтұзға күндіз-түні қарауыл болып отыр – видео
Полиция Көбейтұзға күндіз-түні қарауыл болып отыр – видео
Фото: Интернеттен алынды
242
оқылды
Санитарлық норманың сақталуы үшін Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының тапсырмасы бойынша Көбейтұз көліне баратын екі көлік жолында үш мобильді бекет қойылған. Олар тыйым салынған көл аумағына кіру және шығатын тұсты бақылайды. Көл жағалауы маңын қосымша полиция экипаждары шолып жүреді. Карантин шектеулерінің сақталуына 15 полиция қызметкері, сонымен қатар аудан әкімдігі мен санитария саласының қызметкерлері жұмылдырылған.
 Сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары көл жағасына көлік өте жақын келмеуі үшін жасанды кедергі орнатуды қолға алды. Алғашқы демалыс күндері ғана осы маңда полиция 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Адамдар 18 рет қоғамдық тәртіпті бұзып, 16 жағдайда жол қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Айта кетейік, Көбейтұзды бір-ақ аптаның ішінде қоқыс алаңына айналдырып, тұзын сатқандықтан Президенттің тапсырмасымен ерекше қорғауға алынды. Туризмді дамыту үшін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін 49 жылға жалға беруге байқау жариялаған болатын. Бірақ кейіннен Көбейтұз жалға берілмейтін болды.   https://youtu.be/3KDBdHa5TXE