Жарнамадан табыс таба алмаған Tamasha TV жабылды
Жарнамадан табыс таба алмаған Tamasha TV жабылды
Фото: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметінен алынды
442
оқылды
Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Tamasha TV телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген. Tamasha TV телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Телеарна контентін You Tube желісіндегі http://youtube.com/qazaqstantv Qazaqstan TV каналынан көруге болады. Нарықтағы қиындыққа қарамастан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түседі. Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған Abai tv мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна Otau TV ұлттық спутниктік операторы, Alma TV, ID TV кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады.