Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ұшақ апатына қатысты өтемақы беріледі

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 25, 2020
Жаңалықтар
Ұшақ апатына қатысты өтемақы беріледі
65
қаралым

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Bek Air-ге тиесілі ұшақ апатынан зардап шеккендерден хаттар түсіп жатқанын, олардың әлі ақшалай өтемақы ала алмай жүргенін айтты.

«Жұмысқа жарамсыз жағдайда қалғандары, ауруханада жатқандары бар. Осыған байланысты қандай шаралар атқарылып жатыр?» деген Президент Қ.Тоқаев бұл сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға қарата айтты. Роман Скляр көз жұмғандардың отбасы­ларына 4 миллион теңгеден көмек көрсетілгенін, енді ұшақта болған­дардың бәріне сақтандыру компа­ниясы арқылы тиісті көмек берілетінін жеткізді. Оның айтуынша, жуық арада төлемдер жүргізіледі. Қажетті құжат­тың бәрі рәсімделген.

Президент аман қалған, бірақ зар­дап шегіп, жұмысқа жарамсыз болып қалған адамдардың жайы не болып жатқанын сұрады.

Атырау мен Түркістанның арасында ұшақ қатынайтын болды

Bek Air соты ұзаққа созылмақ

Құс тұмауратса, емделмейді

«Жалпы 52 адам зардап шеккен. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмек көрсете­ді», – деді Роман Скляр. Президент бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Роман Скляр Bek Air компа­ниясы жолаушыларға тиісті қаржыны қайтаруға міндетті екенін айтады:

 «Компания қаржыны қайтаруға міндетті, бұл – азаматтық-құқықтық қатынас. Сондықтан олар мұны жақын арада жүзеге асыруы керек. Компания бұл мәселені қандай да бір мүлкін сатып немесе басқа әдістермен болса да шешуі тиіс. Кредит алса да, авиа­билетке жұмсалған шығынды қайта­руы қажет», – деді.

Бірер күн бұрын ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар өтемақы алуда мәселе туындағанын айтқан бо­латын. «Юстус» заңгерлік кеңес пала­та­сының төрағасы Жанетта Бегах­метованың айтуынша, жолаушы­лар­дың заттары жоғалған. Полиция табылған заттарды иелеріне қайтарып жатыр, алайда кей заттар жарамсыз болып қалған: ноутбук, ұялы теле­фондар пайдалануға келмейді. Сон­дықтан заңгерлік кеңес палатасы материалдық шығынның орнын тол­тыру бойынша азаматтық шағым дайындап жатыр. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің мәселесі күрделене түскен. Мысалы, былтыр үш бөлмелі пәтер алу үшін Еуразиялық банктен кредит алған адам ұшақ апатынан көз жұмды, соңында әйелі мен үш баласы және пәтер үшін алын­ған несиесі қалды. Үлкен баласы – 13 жаста, кенжесі – 3-те. Адвокат әйелмен бірге Ұлттық банк пен Қар­жы нарығын реттеу агенттігіне хат жазып, баспана үшін берілген кре­дит­ті ке­шіруді сұраған. Себебі әйелдің табысы кредит төлеу тұрмақ, ба­лаларын асы­рауға әрең жетеді екен. Осыған ұқсас мәселе өте көп дейді заңгер.

 

Тұмар МЫРЗА

 
Тегтер: Bek Airапатзардап шеккендерөтемақыұшақ
Алдыңғы жаңалық

Қар күреуден челлендж басталды

Келесі жаңалық

Шетелдік нөмірдің шешімін айтты

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен
Жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 2021
Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 2021
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Жаңалықтар

Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 17:55

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 17:43

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 17:29

Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қаңтар 21, 16:58

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Қаңтар 21, 16:45

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Қаңтар 21, 16:34

Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған

Қаңтар 21, 16:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 2021
Тоқаев

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»