Ахметов 13 баспананың кілтін табыс етті
Ахметов 13 баспананың кілтін табыс етті
182
оқылды

Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан орталығы Көкпекті ауылында көпбалалы отбасыларға, дәрігерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және толық емес отбасы өкілдеріне 13 баспананың кілтін табыс етті.

Баспаналы болған көпбалалы ананың бірі – Альфия Гусейнова. Төрт баланың анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Баспанаға қол жеткізіп, ерекше қуанышқа кенелген Альфия төрт бөлмелі жер үйді өзі таңдаған екен.

– Әр отбасы баспаналы болуды армандайды. Соның ішінде біз де бармыз. Сәті түсіп баспанаға қол жеткіздік. Көпбалалы ана ретінде бізге тегін үй берілді. Барша көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, оларды назардан тыс қалдырмаған облыс басшысы Даниал Ахметовке шын көңілден алғысымды білдіремін, – деп ағынан жарылды ол.

Отбасының қуанышымен бөліскен аймақ басшысы жаңа қонысқа арнайы барып құттықтап, көрімдік ретінде үлкен теледидар, балаларға екі смартфон және ойыншықтарды сыйға тартты.

– Бұл жұмыс облыста жалғасады. Бүгін баспаналы болған барлық жандарды куаныштарымен құттықтаймын, – деді Даниал Ахметов.

Салтанатты шараға қатысқан Көкпекті аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Қайрат Желкишев те тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үй бөлу бағдарламасы бойынша жоба жасалып жатыр, келесі жылы берілетін баспаналардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру алдағы уақытта да жалғасын табады – деді Қайрат Жұмағалиұлы.