Мемлекеттік бағдарламаға мән берді
Мемлекеттік бағдарламаға мән берді
5,114
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қоры­тын­дысы бойынша еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық даму нәтижелері талқылан-ды.

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеу­меттік маңызды нысандары мен тұрғын үй­лер­ді қалпына келтіру ісіне, сондай-ақ Түр­кістан­ды дамыту үшін қабылданып жатқан шара­ларға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық эконо­ми­каға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарла­маларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағ­дарламаларын жүзеге асыруды тиісті дең­гейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін Үкімет пен Nur Otan партиясының бірлесе жұмыс іс­теуінің маңыздығын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың экономикалық да­муы­ның қазіргі көрсеткіштері туралы мәлім­делді. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықтың тұрмыс сапасын жақ­сарту және қала тұрғындарына әлеуметтік кө­мек көрсету үшін атқарылып жатқан шара­лар туралы баяндалды.

Елбасы астананың экономикасына инвес­тиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәсе­ле­леріне назар аударды.