Маска тақпаған жолаушы үшін автобус жүргізушісін жазалады
Маска тақпаған жолаушы үшін автобус жүргізушісін жазалады
Фото: Интернеттен алынды
Журналист Динара Тұрсынова жанында отырған жолаушыдан маска киюін өтінген. Алайда ер адам маска тағудан бас тартқан. Қалалық мобильді басқарма осы дерекке қатысты тексеру жүргізген. №81 автобус жүргізушісі салондағы дауды естіген, алайда еш шара қолданбаған анықталды.
«Жолаушылар тасымалының карантин кезіндегі ережелеріне сәйкес маска тақпаған жолаушыны автобус салонына кіргізбеуі тиіс. Сондықтан еш шара қолданбаған автобус жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланып, шілде айындағы сыйақысы берілмейтін болды», – деп хабарлады басқарма өкілі.
Қалалық полиция департаменті бұл деректі де тексерген. Криминалды полиция басқармасының мамандары 28 жастағы жігітті ұстады. «Іс материалдары қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ҚР ӘқбК 425-бабымен тапсырылады», –  дейді полицейлер. Маска тақпаған жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады.