Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
108
оқылды
Алтынбек Қайсағалиевтің басқа қызметке ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Онлайн форматта өткен актив отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов бұрынғы орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің үлестік құрылыс мәселелерін шешуге бағытталған жұмысы, су тасқынына қарсы іс-шараларды табысты өткізгені, «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары қағидаты бойынша аула ішіндегі аумақтарды дамытып, басқа да бірқатар маңызды міндеттерді табысты орындағаны үшін оған алғыс білдірді. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша қала әкімінің орынбасары болып 47 жастағы Нұрлан Солтамбеков тағайындалды. Оның мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Мамандығы – инженер-құрылысшы. Еңбек жолын шеберханада бастаған. Әр жылдары бірқатар басқармада қызмет атқарған. 5 жыл бойы елордада коммуналдық шаруашылық басқармасында істеген. Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын басқарған. Қала басшысы Алтай Көлгінов жаңадан тағайындалған орынбасарына бірқатар нақты тапсырма жүктеді.