Сәтбаевтағы оқиға: Күдікті екі айға қамауға алынды
Сәтбаевтағы оқиға: Күдікті екі айға қамауға алынды
© сурет интернеттен алынды
Сот Сәтбаев қаласында баланы ұрлап алып, зорлады деп айыпталып отырған күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тергеу судьясы Серік Исабаев видеобайланыс режимінде отырыс өткізді. Себебі карантин уақытында сот ғимаратына тергеуге алынған адамдар әкелінбейді. Оның адвокаты 58 жастағы күдіктіні қамауға алмау және халықтың ашу-ызасына байланысты оны күзетуді өтінген. Сонымен бірге қорғаушы өз қорғауындағы күдіктінің бірқатар ауруы барын да айтқан. Судья кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін оны қамауға алу туралы шешім шығарды. «Сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Мерзім оның ұсталған уақытынан, яғни 23 шілдеден басталады», - деп хабарлады соттан. Екі айдан кейін тергеуші осы іс бойынша үкім оқылуы үшін істі сотқа жолдауы керек. Егер екі ай аз болса бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтбаев полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғанын айтып, арызданған болатын. Қызды іздеу жұмыстарына жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жүзден астам ерікті қатысты. Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды. Бұл шаһарда үлкен шу туғызды.