Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының жанынан ашылған провизорлық орталыққа бірнеше күн бұрын қорғаныс киімдерін алып берген ақтөбелік партиялықтар бүгін тағы жақсы жаңалықтармен оралды.
Бұл жолы игі істі «Nur Otan» партиясының "СНПС - Ақтөбемұнайгаз"АҚ-дағы бастауыш партия ұйымы ұйымдастырып, қажетті аппараттарды алуға күзет фирмалары демеушілік жасаған. Орталықтың бас дәрігері, партияның қалалық филиалы саяси кеңесі мүшесі Ерлан Татимов жан-жақты қолдау көрсетудің нәжижесінде қазір орталықтағы аппараттар толыққанын айтты. Аппараттарды науқастардың барлығы бірдей қажет етпесе де, ем алып жатқан 300-ден астам адамға жеткілікті.
–Бастауыш партия ұйымы, Алматы ауданы әкімшілігі және белсенді азаматтар акцияға атсалысып, 7 оттегі концентраторын сыйға тартып жатыр. Бір уақытта аппаратты 2 адам пайдалана алады. Яғни 7 концентратор 14 адамның ем алуына мүмкіндік береді. Бізді мемлекеттік емес ұйымдардың, ақтөбеліктердің азаматтық позициясы, халыққа деген жанашырлығы тәнті етті. Ниеттері мен құрметіне алғысымыз шексіз. Халық ауырмасын, дерт дендемесін, - деді ол.