Алаяқтар Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның атын пайдалып, мұқтаж халыққа қаржылай көмек берілетінін хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, алаяқтар әншінің атынан челлендж өткізіп, 7500 теңге таратылатынын айтқан.
Жезтаңдай әнші Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Отбасының бұл шараға қатысы жоқ екенін хабарлап, халықты сақ болуға шақырды."Бұл жалған мәлімет. Оған алданбаңыздар. Алаяқтар анамның атын пайдаланып жатыр. @roza_rymbaeva_komek @roza_rymbaeva_darit_10milion - мұның барлығы жалған парақша", - деп жазды Әли Оқапов.