Коронавирус жұқтырғандар мемлекет есебінен тегін емделетін болады
Коронавирус жұқтырғандар мемлекет есебінен тегін емделетін болады
© сурет интернеттен алынды
5,111
оқылды
Медициналық сақтандыру қоры короавирус  және пневмонияға шалдыққан жағдайы ауыр науқастарды емдеу тарифін 1,5 миллион теңгеге дейін көтерді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясын диагностикалау, емдеу және асқынумен байланысты барлық шығынды өтеу үшін пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып. медициналық ұйымдарға тарифтер әзірледі.
 Осылайша, коронавирустың жеңіл түріне  шалдыққан бір пациенттің емі 292,6 мың теңге, жағдайы орташа пациенттің еміне  - 446,1 мың теңге, жағдайы ауыр науқастың емі - 1,5 млн теңге болады. Қор жағдайы өте ауыр бір науқасқа 1,7 млн теңге төлейді. Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында ЖҚҚ шығыстары орта есеппен 40%  өсті.
Пациенттер үшін стационарлық және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика КВИ және пневмонияға шалдыққан  пациенттерге тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандыру қоры  жоспарланған қаржы көлемінен мобильдік бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жұмсайды, жыл соңына дейін 1,4 млн үйге көмек көрсетіледі  деп жоспарлпануда.  Қазірдің өзінде өңірлерде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан 3 мыңнан астам осындай бригада құрылған.
«Сонымен қатар көптеген қазақстандық ауру өршіген тұста коронавирус пен пневмонияны диагностикалауға, емге және дәрі –дәрмекке қалталарынан көп шығын шығарғанын ескеріп, Қор инфекция жұқтырғандарға оңалту қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдады», - дейді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.
Бүгінде  оңалту қызметіне деген сұраныс өте жоғары. Сондықтар ол қазақстандықтарға қор тарапынан қажетті көмектің барлығы көрсетлетінін айтты.
"1406 байланыс орталығына көптеген сұрақ келеді, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Қор ауырып шыққан пациенттерді жүргізу алгоритмін әзірлеуде. Біз емханадан бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейде көмектің барлық түрін қарастырамыз», -  деді ол.