Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді
Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді
© pixabay.com
141
оқылды
Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Қазақстандағы Израиль елшілігі. Ел ішінде COVID-19 таралуын тоқтату үшін еңбек етіп жатқан дәрігерлердің денсаулығын қорғайтын құралдар жіберіледі. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша агенттігі атынан берілді.
"Коронавируспен күрес дүниежүзі бойынша өзекті проблема болып отыр және бізге мұндай қиын кезде достарымызды қолдаудың маңызы зор", - деді Израиль елшісі Лиат Вексельман.
Сонымен қатар  Израиль COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу бойынша қазақстандық тарапты қолдайды. Израиль дәрігерлері қазақстандық әріптестерімен видеоконференция арқылы байлынысқа шығып, кеңес беріп жатыр.
"Біз медицина және басқа да бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - дейді елші.