Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтарының өсімпұлы кешіріледі
Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтарының өсімпұлы кешіріледі
© сурет интернеттен алынды
156
оқылды
Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтарының өсімпұлы кешіріледі, -  деп хабарлайды ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды. Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған. Айта кетейік, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады. Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептен шығарудың басты шарты болып есептеледі. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады. 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет өткен жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды. Салықтық рақымшылық жасау мерзімі  31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады.