Праймериз: демократиялық құндылық, отандық сайлау жүйесінде қолданысқа енгізу тәжірибесі туралы
Праймериз: демократиялық құндылық, отандық сайлау жүйесінде қолданысқа енгізу тәжірибесі туралы
218
оқылды
Бүгінгі таңда Қазақстанның сайлау жүйесінде тұңғыш рет  Nur Otan партиясы праймериз  енгізгелі отыр дегенді бәріміз жиі естіп жүрміз. Сонымен «праймериз» дегеніміз не,  Nur Otan партиясы енгізгелі отырған праймериздің мақсаты мен міндеттері, мәселелері  туралы ой қозғасақ.  Жалпы  праймериз демократияның отаны АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі.  Primaries ұғымы ағылшын тілінен аударғанда  - бастапқы,  primary elections  - «алдын ала сайлау», «алдын ала дауыс беру», «іріктеу» деген ұғымды білдіреді, ал бізде  қазір «праймериз – Қазақстан Респбуликасы   Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу» деген анықтамамен белгілі. Тарихта сонау праймериз институты 1842 жылы АҚШ-та  ең алғаш рет өткен партиялық ішкі сайлаудан бастау алады, содан кейін  1901 жылы Флорида штаты тұңғыш праймериз өткізіп, сол жылы бұл ұғым заңды түрде қабылданды. Бүгінде праймериз Еуропа, Азия, Латын Америка елдерінде  ашық және жабық түрде өткізіледі. Ашық түрде кез келген адам дауыс бере алса, жабық түрдегі праймеризде тек партия мүшелері ғана дауыс бере алады. Праймериз өзге елдердің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген және сынақтан өткен ең тиімді тәсіл.  Алайда,   дәл америкадағы бастапқы сайлау  тек АҚШ-та ғана емес, әлемде қатты қызығушылық тудырады, себебі, бұл жарты жылға созылатын, кең ауқымдағы саяси шоу болып табылады. Америкалық праймериз шын мәнінде  болжау мүмкін емес тартысты бәсекелістікте өтетін болғандықтан да өте тартымды және қызығушылық та  жоғары.  Мысал  ретінде жақында ғана АҚШ-та өткен ілгері сайлауды мысалға келтірсек. АҚШ президентін сайлау осы жылдың 3 қарашасында өтеді. Демократиялық партия атынан үміткер Джозеф Байден Канзас штатында өткізілген праймериз нәтижесінде жеңіске жетіп, 76,9 % дауыс жинады. Бар әлемде таралған COVID-19 індетіне байланысты праймериз өткізу тоқтап қалған жоқ, пошта арқылы жүзеге асты. Міне, осындай демократияның дамыған құндылығының біздің сайлау жүйемізде де  қолданысқа енуі өте қуантарлық жайт. Сонымен бірге бұл бастама елімізде  партияішілік пікірталасты жандандырып, сайлауға түсуге үміткерлерді таңдауда әділдік пен ашықтықты, бәсекелестікті қамтамасыз етіп ғана қоймай,  қоғаммен тығыз байланыс жасап, жұртшылықтың арасындағы өзекті проблемаларды анықтап, шешу барысында партияның әлеуеті мен күш-жігерін жұмылдыруға ықпал етері сөзсіз. «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны бәрімізге белгілі. «Nur Otan»-ның ресми сайтында партияның Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды. Ережеге сәйкес праймериз міндеттері: 1) «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша нақты әрі мықты лидерлерді анықтау және тарту; 2) белсенді және бастамашыл азаматтар үшін партиялық желі бойынша «әлеуметтік саты» жасау; 3)  қалың бұқараны елімізді дамыту мәселелерін талқылауға тарту; 4) жүйелі өңірлік партиялық саясатты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтау; 5) қалалар мен аудандарда партия бағдарламаларының танымалдығын арттыру; 6) бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және оларды партиялық қызметке тарту; 7) партия мүшелерінің партиялық тізімдерді қалыптастыруға қатысуын кеңейту; 8) танымал партия тізімдерін қалыптастыру; 9) кандидаттардың дербес жауапкершілігін арттыру. Праймериз негізі 5 принципті бәскелестік, заңдылық, айқындылық, сайлауға құпиялық, диалог үшін ашықтық ұстанымдарын ұстана отырып, негізгі мынанадай кезеңдерден тұрады; 1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау. Сонымен, партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген қазақстандық үміткер бола алады. Егер кандидат партия мүшесі болмаса, ол праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партия қатарына қосыла алады. Кандидаттар бастауыш партия ұйымынан және бір облыс, қала немесе ауданнан өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Парламент Мәжілісінің қазіргі депутаттары да праймеризге кандидат ретінде партиялардың облыстық филиалдарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының конференцияларында жарыссөздерге қатыса алады. Жалпы, осы шілде айында партия қабылдауына  праймериз өткізуге байланысты 7596 астам өтініштер,  оның ішінде респбуликалық партия ұйымына  123  (мессенджер  арқылы WhatsApp - 87, Call-центр – 34, Instagram-2) Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарынан (48), Алматы (28),  Павлодар (11), Қарағанды (7), Солтүстік Қазақстан  (5), Шығыс Қазақстан (5) Маңғыстау (3), Қызылорда (3), Ақтөбе (3), Алматы (3), Шымкент (3) Батыс Қазақстан (2) облыстарынан және  партияның аймақтық филиалдарына келіп түскен.  Өтініштерде өзекті сұрақтар праймериз мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, кандидаттарды тіркеу, партия қатарына өту, дебат өткізу тәртібі, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары туралы мәселелер қарастырылып,  өтініш   бергендердің  52 пайызы әйелдер  ұсынылып отырған праймериз  елімізде белсенділігі жоғары әйел адамдар үшін «әлеуметтік лифт» болып партияішілік іріктеуден   өтуге зор мүмкіндік,  себебі Мәжіліс Парламентіндегі әйел депуттаттардың үлесі 27 пайыз және маслихатта 22 пайызды құрайды, алайда  2018 жылғы БҰҰ даму бағдарламасы бойынша есебінде Қазақстан гендерлік даму индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 58-орынға тұрақтады. Биыл 22 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісінде  мемлекетте саяси процеске әйелдер мен жастардың белсенді қатысуы  туралы заң жобасы мақұлданып, енді партиялық сайлау тізімінде  30 пайыз квота міндетті түрде әйелдер мен жастарға берілетін болады. Қазақстанда 20-29 жас аралығында 2,7 млн жастар бар. ҚР Конститутциясы бойынша әрбір азамат  маслихатқа 20 жастан, мәжіліске 25 жастан сайлана алатынын ескерсек,  Nur Otan партиясының праймериз жастарға Мәжіліс пен маслихатқа өтуге күшті мүмкіндік береді. Қоғамдық саяси институттың зерттеу нәтижелері бойынша праймериз өткізу кезінде Қазақстан азаматтары үшін басымдыққа ие негізгі 5 мәселе анықталды: билікке жаңа нақты және күшті көшбасшыларды анықтау және тарту; азаматтардың өз өңірін/қаласын\ауылын дамыту мәселелерін талқылауға тарту; әрбір депутаттың жеке жауапкершілін арттыру; белсенді және бастамашыл азаматтардың партиялық желісі бойынша көтерілуі; қоғамдық пікір -аймақ тұрғындарының пікірі негізінде жаңа өңірлік саясатты қалыптастыру. Халық тарапынан праймериздегі әйелдер мен жастарға арналған квотаға үлкен қолдау көрсетілуі бұл топтағы азаматтардың Мәжіліс пен барлық деңгейдегі маслихат сайлауына қатысудың қаншалықты маңызды екенін көрсетуде. Сондай-ақ, праймериз жүргізу кезінде не нәрсеге назар аудару керек деген сауалнамаға респонденттер;  біріншіден, партиялық тізімді қалыптастырудағы ашықтық, екіншіден, кез-келген адамға ойын еркін білдіру (ашық дебаттар), үшіншіден, ҚР заңдарын қатаң сақтау деп жауап берген. Сонымен бірге мемлекетіміздің азаматтары Nur Otan партиясының  Саяси менеджмент мектебі ұйымдастырып отырған  өте қызықты да,   пайдалы потенциалды кандидаттарға арналған «Праймериз. Қоғамдық саясат. Депутаттың бейнесі қандай болу керек?» атты арнайы онлайн-оқыту курсына қатысып, төрт модулді қамтиды: праймериз - партияішілік   іріктеуді жүзеге асыру тетіктері, праймериз өтудегі халықаралық тәжірбие, биліктегі депутаттың орны мен рөлі, саяси риторика және имидж жасау  мен эффективті модел құлығын қалыптастыру оқу бағдарламасын игере алады. Елімізде алғаш рет өткелі отырған   Nur Otan партиясының праймериз Қазақстанның саяси әлеуметтену деңгейін көтеруіне көп үлес қосарына сенім мол!  

Меруерт Тулебаева,

саясаттанушы